Болат Палымбетов: «Халықтың кәсіпкерлікпен шұғылдануға құлшынысы күшті»

Шағын және орта бизнесті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасы еліміздің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін болашақта кем дегенде 50%-ға жеткізу туралы нақты міндеттер қойды. Осы орайда елдегі кәсіпкерліктің жалпы жай-күйі жайында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовпен әңгімелескен едік.

Егемен Қазақстан
23.04.2018 22520
2

– Болат Әбілқасымұлы, кәсіпкерлер көбінесе сізге қандай мәселелерге қатыс­ты жүгінеді? Сіздердің тарап­тары­ңыздан қандай жұмыстар атқа­ры­лып жатыр?

– Бизнес-омбудсменнің не­гізгі міндеті кәсіпкерлер құқық­тарының сақталуын қада­ғалау, мемлекеттік органдар кәсіп­кер­лердің қызметіне заңсыз ара­ласқан жағдайда туындаған мәселені шешуге көмектесу болып табылады. Елбасы бизнеске түсетін қысымды азайту және саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы тапсырманы іске асыру барысында экономикалық қылмыстар бо­йынша қылмыстық істерді азайту қолға алынды. Соның арқасында қыл­мыстық істер саны 5 есеге дейін азайды. Кәсіпкерлерге қатысты 2015 жылы 8170 қыл­мыстық іс тіркелсе, 2017 жылы ол 1618-ге дейін төмендеді.

– Кей жағдайда болмашы заң бұзушылықтар үшін кәсіпкерлерге тым ауыр жаза кесу фактілері тіркеліп жататыны жасырын емес. Бұл кәсіппен айналысқысы келетіндердің ынтасын төмендетіп, бетін қайтарып тастайды. Бұл туралы не айтасыз?

– Оныңыз рас, соңғы жылдары осы мәселеге басым назар аударуға тура келді. Кәсіпкер үшін бизнесінен айырылудың өзі үрей туғызады, ал бас бос­тан­дығынан айырылу одан да үрей­лі екені анық. Сол себепті эко­но­­микалық қылмыс жазасын жеңіл­дету мәселесіне қатысты кәсіп­керлерді кез келген болмашы заң бұзушылықтары үшін бас бостандығынан айыр­май, жазаны жеңілдету мәсе­лесі шешілді. Атап айтар болсам, қазір бірінші рет заң бұзу­шылық болған кезде қатаң жаза қолданылмайды. Көптеген баптарда қарастырылған қатаң жазалар айыппұлдармен алмас­тырылды. Қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын «жалған кәсіпкерлік» туралы бап алынып тасталды. Осының бәрі жұ­мысын адал атқарып жүрген кәсі­п­керлерге оң әсерін тигізгені сөзсіз.

Кәсіпкерлік кодекс бойынша бизнес-омбудсмен кәсіпкерлер арасындағы дауларға араласпайды. Бұл жерде банктердің де кәсіпкерлік құрылым болып табылатынын айта кеткен жөн.

Атқарылған істер туралы айтар болсам, соңғы екі жылда бізге 12 420 өтініш келіп түсті. Бұл проблемалардың 90%-ы жер­гілікті сипатта – жер алу, құры­лыс және тағы да басқа осы­ған ұқсас мәселелер. Оның бәрі жергілікті жерде шешілуі тиіс деп есептеймін. Бұл туралы отырыстарда жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне үнемі айтамыз.

– Негізгі міндетіңіз мем­ле­кеттік органдардың кәсіпкер­лер қызметіне заңсыз араласуы­на жол бермеу дедіңіз. Мем­лекеттік органдар оны қалай қабылдауда, сіздермен бірлесіп жұмыс атқаруға дайын ба?

– Жалпы, біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, барлық мәселелерді Бірыңғай тізілімге енгіздік. Ондағы 571 мәселенің 386-сы оң шешімін тапты. Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, рұқсат беру жүйесі оңтай­лан­дырылды, лицензиялар мен рұқ­саттар саны 72 %-ға азайды, яғни 1115-тен 315-ке дейін қысқарды. Бақылау-қадағалау саласындағы мәселелерді шешу үшін біршама іс-шаралар іске асырылып жатыр.

Бірқатар тексерулерді алып тастау бойынша заңнамалық түзетулер дайындалып, Парламент Мәжілісіне енгізілді. Соңғы екі жылда Әділет министрлігімен белсенді ынтымақтастықтың арқасында бизнеске әкімшілік жүктемені азайту үшін ауқымды жұмыстар жасалды.

– Өткен жылдың соңында Әкімшілік кодекске түзетулер енгізілген еді. Оның бизнеске ықпалы қаншалықты?

– Ол өзгерістердің бизнеске тікелей ықпалы айтарлықтай зор. Атап айтқанда, бизнеске әсер ететін баптардың басым бөлігі қайта қаралды. Мәселен, 410 баптың 323-іне өзгеріс жасал­ды. Соның арқасында айып­пұл­дардың жалпы көлемі 30%-ға қысқарды. Айыппұлды 50 па­йыздық жеңілдікпен төлеу және айыппұлдың орнына ескер­ту жасау жағы да бар. Сол сияқ­ты 30-баптағы тәркілеу және лицен­зия­ның қолданылуын тоқтата тұру талаптары алынып тасталды.

Сонымен қатар Қаржы ми­нистр­лігімен бірлесе отырып, салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Адалдық принципі енгізілді, яғни Салық кодексі нор­маларының анық емес тұ­с­тары салық төлеушінің пайдасына шешілетін болды. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.

Бүгінде отандық кәсіпкер­лер­дің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері де халықаралық деңгейге көтерілді. 2017 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің форумы ұйымдастырылып, оған Ресей­дің 40 өңірінен өкілдер қатыс­­ты. Көрші елдегі әріптестері­міз­бен арада Өзара көмек көр­сету және ынтымақтастық тура­лы келі­­сімге қол қойылды. Осын­дай бір­лескен жұмыстардың ар­­қа­сын­да Қазақстан мен Ресей аумағында кәсіпкерлік субъек­тілердің мүліктік және заңды құқықтары қорғалады. Сондай-ақ Мәскеу мен Атырауда бірлес­кен кездесулер өткізілді. Биыл­ғы жылы Өзбекстанның биз­нес-омбудсменімен кездесу жос­парланған.

– Салық кодексі жайлы айтып өттіңіз. Жаңа Салық кодексінде бизнес үшін қандай жеңілдіктер енгізгені туралы толығырақ баяндап берсеңіз.

– Жалпы, бизнес-қоғамдастық жаңа Салық кодексін әзірлеуге екі жыл бойы мемлекеттік органдармен бірге атсалысты. Себебін түсініп отырсыз, жаңа құжат осы саланың алға басуына тікелей әсер етуге тиіс. Кодексте бизнес бастамалардың басым бөлігі ес­керілді, дегенмен талқылануы тиіс бірқатар ашық сұрақтар әлі де бар. Бұл құжаттағы ең маңызды мәселелердің бірі – салық төлеу­шінің адалдық принципін енгізу екенін қайталап айтайын. Егер салық органдары кодекстің ере­желерін дұрыс түсіндірмесе, кәсіп­керлерге айыппұл және өсімпұл салынбайды.

Кәсіпкерлік өкілдеріне кодекс­тегі өзгерістермен терең таны­сып, жан-жақты зерттеу үшін көп уақыт берілді. Түзетулер 1 шіл­деден кешіктірілмей қабыл­данып, 1 қаңтардан бастап енгізілмек. Жаңа салық кодексіндегі жаңа­лықтардың ең бастысы, бәл­кім, жазалау шараларынан адал кәсіпкерлермен әріптестік қаты­настарға көшу шығар.

Сонымен қатар жауапкерші­лік мәселесі де назардан тыс қал­ған жоқ. Бұл кәсіпкерлік саласы­ның таза жұмыс істеуі үшін керек екені түсінікті. Сол себепті салық төлеуден жалтарған жеке кәсіпкерлерге қатысты қылмыс­тық жауапкершілік шегі 2 мың ай­лық есептік көрсеткіштен 20 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.

Жаңа Салық кодексінде қам­тыл­маған мәселелер әлі де аз емес. Оларды ағымдағы жылы тал­қылау туралы Үкіметпен келісім жасалды.

– Кәсіпкерлерге салықтық жүктеменің ауырлығы немесе жеңілдігі туралы сіздің пікіріңіз қалай?

– Салық ауыртпалығы туралы айтатын болсақ, Қазақстанда бұл көрсеткіш басқа елдермен салыстырғанда өте төмен. Мәселен, Doing Business 2018 рей­тингіндегі «Салық салу» көр­сеткішінде Қазақстан 50-орынға ие болды. 189 елдің ара­­­сын­да рейтингтегі орташа са­­лық ауырт­палығы 33,1%-ды құра­са, Қазақстанда бұл көр­сет­кіш – 29,2 %. Еуразиялық эко­но­­ми­калық одақ елдерінің арасын­да ең төменгі орташа салық ставкасы біздің елімізде. Бұл көрсеткіш Ресей Федерация­сында – 47,1 %-ға, Арменияда – 19,9 %-ға, Беларусьте – 51,8 %-ға, Қырғызстанда 29 %-ға тең.

– Кәсіпкерлердің салыққа қа­тысты шағымдары көп жағ­дайда не нәрсеге байланысты?

– Шағымдар негізінен салық органдары қызметкерлерінің біліксіздігінен және бірыңғай ұстанымның болмауынан салық заңнамасы нормаларын дұрыс қолданбауына қатысты туындайды. Атап айтқанда, салықтық тексерулер мерзімдерін кешіктіру, қосымша құн салығын уақтылы қайтармау, шығыс операция­ла­рын заңсыз тоқтата тұру, айыппұл санкцияларын қолдану, хабар­ла­ма­лар жіберу және тағы бас­қалар...

– Соңғы сұрағымыз халық көп жиналатын жерлердегі өрт қауіпсіздігі шараларына қатысты. Біздің елімізде де бұған дейін кәсіпкерлік нысандарында өрт туындап, адамдардың өмірі қиылғанын бәріміз білеміз. Осындай кәсіпкерлік нысандарда туындауы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу жағына тоқталып өтсеңіз?

– Жалпы, ғимараттар мен құрылыстарға арналған өртке қарсы қауіпсіздік талаптары құрылыс нормалары бойынша реттеледі. Құрылыс кезінде қолданылатын құрылыс және әрлеу материалдары әрдайым қажетті стандарттарға сай болуы керек. Бұл әу баста назарға алынатын жұмыс. Осы нормалардан ауытқымау өрттің алдын алуға айтарлықтай ықпал етеді. Себебі өрт болған кезде адамдар көп жағдайда жалыннан емес, түтіннен, оттегі жетіспегендіктен қаза табады.

Халық көп жиналатын ғи­марат­тарда өрт болған жағдай­дағы нұсқаулар мен адамдарды эвакуациялау жоспарларына­н бөлек өрт қауіпсіздігі орга­ны­ның ескертулері жазылған тақтай­шалар ілініп тұруға тиіс. Осы ескертулер жойылғандығы туралы ақпарат та болуы керек. Мұның бәрі бұлжымай орындалуға тиіс талаптар, ол елімізде қалыпты жағдайға айналуы керек.

– Жиі кездесетін бір төтенше жағдай туралы айтқым келіп отыр. Қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда, сол жағдайды тексеріп, қадағалап отыратын мемлекеттік орган өкілдері жазаланды ма?

– Менің білуімше, кәсіпкер­лерден басқа ешкім жазаланбайды, ешқандай шығынға ұшырамайды. Барлық жауапкершілік тек бизнеске түседі. Сондықтан әрбір кәсіпкер өз жауапкершілігін толық сезінеді. Біз өкілетті орган­дардың жауапкершілікті де, жазаны да тең көтергенін қалар едік. Бұл – менің пікірім.

Жалпы, елімізде Елбасының тікелей қолдауының арқасында бизнесті дамыту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі және ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол кәсіпкерліктің дамуына, халық арасында кәсіпкерлікпен айналысуға деген құлшыныстың артуына ықпал етіп жатыр деп айта аламын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу