Добын ауылының тұрғындары тасқын судың астында қалуы мүмкін

Осы жылдың 29 наурызы мен 6 сәуірі аралығында Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары аясында мен Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғын­дарымен бірқатар кездесулер өткіздім.

Егемен Қазақстан
23.04.2018 3087
2

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақ­стан халқына Үн­деуін ел тұр­ғындарымен бірле­­сіп тал­­қы­ладым, халық ба­рын­­ша қол­дау білдіруде. Соны­­мен қатар тұр­ғындар тара­­пы­­нан көте­ріл­ген талап-тілек­т­е­­рін тың­дап, өтініштерін қабылдадым.

Сондай кездесулердің ба­ры­сында көтерілген мәсе­ле­­лер­дің бірі – Алматы обл­ысы Ұй­ғыр ауданы Добын ауы­лын­­дағы көлдің жағдайы. Ауыл тұрғындары жағдайды баян­даған соң өзім барып, көл­дің жай-күйімен таныс­тым. Мамандардың айтуынша, 800 мың текше метрдей су сия­т­ын көл Добын ауылының жоға­ры жағында, ауылдан 100 метрдей жерде және ауыл дең­гейінен биік жерде орна­лас­қан. Ал онда жиналған су мөл­шерден әлдеқайда асып кет­кен екен. Нәтижесінде көл­дің топырақтан жасалған жағал­ауы, тоспасының сырт жағы біртіндеп сазданып бұзыла бастапты. Тіпті тос­па­ның төмен жағынан сызат­тап су аға бастаған. Көл­дің бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген бұл тоспасы бұзылып, су кеткен жағдайда Добын ауылының мыңнан астам тұрғыны мен үй-жайлары топан су астында қалып, адамдардың өміріне үлкен қауіп төнгелі тұр.

Осыған орай, мен Пре­мьер-Министр Бақытжан Са­ғынтаевтың атына депутат­тық сауал жолдап, аталған көл­дің тоспасын күрделі жөн­деу мәсе­лесін тез арада қарас­тыру­ды өтініп, Добын ауылы­ның тұр­ғындарын апаттан сақт­ап қалу шарасын қолдануды сұрадым.

Мәселе дереу шешілмесе жағдай қиындыққа соқты­рары сөзсіз, мен және Добын ауылының мыңдаған тұр­ғыны Үкімет басшысының мәселеге баса назар аударуынан үміттіміз.

Шаймардан НУРУМОВ,

Мәжіліс депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

Оралдықтар 19 қаңтарда суық суға шомылады

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Садыкова Асель (23.04.2018 14:57:06)

Төтенше жағдай қызметінің айтуынша ешқандай қауіп жоқ, қауіп тудырмау үшін алдын ала шаралар да жасалып жатыр, сондықтан халықты олай шошыта бермеген жөн.

Айcулу (23.04.2018 14:20:22)

Добын аулыныа тақалып тұрған қауіп жоқ, бұл су жаздың күні егістікке қажет емес пе, қазіргі кезде барлық дамбалар бақылауда деп ойлаймын!

Пікір қосу