Дания Еспаева: Депутаттық сауалға толық жауап күтеміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясы 2016 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждықтары үшін қажет заттай мүлікті жеткізу барысында орын алған бәсекелестікті заңсыз шектеу фактілері туралы Ұлттық экономика министрлігіне (ҰЭМ) арнайы депутаттық сауал жолдаған еді.

Егемен Қазақстан
23.04.2018 1730
2

Депутаттық сауалда Үкі­мет­тің қаулысымен елі­міз­дің Қа­рулы Күштерінің қажет­тіліктері үшін әскери-техни­ка­лық, соның ішінде зат­тай мү­лік­ті жеткізу бойын­ша мемле­кеттік қорғаныс тапсы­рысының жалғыз орындаушысы ретінде анықталған «Қазақстан инжи­ниринг» ұлттық компания­сы» АҚ заттай мүлікпен қамтамасыз ету бойынша ең ірі сатып алу­дағы барлық тапсырысты «Жа­сампаз» консорциумына бере салғаны жөнінде мәселе көте­рілді. Ал консорциум өз кезе­гінде тапсырысты тек өзінің мүшелеріне ғана таратып отырған. Сондай-ақ өндіріс же­лі­сінде бір-бірімен өзара еш бай­ланысы жоқ, бір­лескен іс-ша­раларды тек келісіл­ген іс-әрекеттерді жүргізу туралы уағ­даластық аясында өткізіп отыр­ған бірен-саран тауар өндіру­шілер ғана «Жасампаз» кон­сор­циумының мүшелері қата­рында болғаны да белгілі болды.

Осылайша, аталған консор­циум тоқыма өнімдерін жеткі­зетін отандық әлеуетті тауар өн­д­ірушілердің құқығын шек­теді. Бұл әділ және адал бәсекелес­тікті шектеуге және компания­лар­дың бір тобының нарықта жасанды үстем­дік жағдайын қалып­тас­тыруға алып келді. Нақ­тырақ айтсақ, еліміздегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының 80-нен астам мүшесі осы аталған мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуына қатыса алмады.

Ұлттық экономика министр­лігі біздің депутаттық сауалы­мызға берген ресми жауабында Қорғаныс министрлігінің іс-әрекетінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған сыбайлас жемқорлық белгілері болуы мүмкін екендігін, сондай-ақ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті белгілеген жағдайда аталған мемлекеттік органға қатысты тергеу ісі жүргізілетінін атап көрсеткен.

Сондай-ақ жауапта «Қа­зақ­стан инжиниринг» ұлт­­­­тық компаниясы» АҚ іс-әрекет­терінде нарықтағы бәсе­келес­­тікті шектеуге қатысты үстем­дік немесе монополия­л­ық жағ­дайды теріс пайдалану бел­гілері болуы ықти­мал екендігі де көрсетілген және барлық тексеру жұмыстары аяқталғанда қо­рытындысы бойынша қосымша ақпарат береміз деген уәде берген еді. Алайда бүгінгі күнге де­йін ешқандай ақпарат түскен жоқ.

Осыған орай, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Пар­ла­­менті және оның депутат­тары­ның мәртебесі туралы» Конс­титуциялық заңға сәй­кес депутаттық сауалға жауап қайтару мемлекеттік орган­дардың лауазымды тұлғаларына ресми түрде қойылған талап болып саналатынын ескерте отырып, біз Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовке тағы да сауал жолдап, лауазым­ды тұлға өз құзыретіне кіретін мәсе­лелер бойынша нақты түсінік­теме беруге немесе ұстанымын мәлімдеуге тиіс екенін айттық. Сауал жолданған әрбір лауазымды тұлға қойылған сұраққа Парламент сессиясында ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруге міндетті. Ал біз жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ҰЭМ толық және жан-жақты жауап беруін талап етеміз.

Дания ЕСПАЕВА,

Мәжіліс депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Ауылдан әлемге жол тартқан өнім

21.09.2018

Діни экстремизмнің алдын алу үшін жұмыс атқарылады

21.09.2018

Кәсіпкерлерге арналған фулфилмент-орталық ашылды

21.09.2018

Ресми бөлім (21.09.2018)

21.09.2018

«Eni» Қазақстанға инвестиция құюды жандандыруға дайын

21.09.2018

Сөз қуаты мен қасиеті Еуразия қаламгерлерінің басын қосқан халықаралық әдеби форумда талқыланды

21.09.2018

Ауыл шаруашылығы секторын дамытатын 8 шара

21.09.2018

Өнімді несиелеу

21.09.2018

«Астана» Киевтің «Динамосымен» тең түсті

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу