ХІ Астана экономикалық форумы 17 мамырда ашылады

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Global Challenges Summit 2018 Астана экономикалық форумын өткізуге дайындық бойынша брифинг өтті.

Егемен Қазақстан
23.04.2018 11304
2

ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан, «Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қорының директоры Динара Жолдаспаева және GVA Kazakhstan басқарушы серіктесі Филипп Серажетдинов форумның қашан әрі қалай өтетіні, оны ұйымдастырушылар қандай жаңашылдықтар ұсынатыны, АЭФ қатысушыларының өкілеттігі қандай болатыны, сондай-ақ жастарға қандай бағдарламалар қарастырылғаны туралы айтып берді.

XI Астана экономикалық форумы 17-19 мамыр аралығында өтеді. Руслан Дәленовтың айтуынша, оның бұған дейін өткен шаралардан басты айырмашылығы – жаңа формат және жаһандық күн тәртібі.

«Форум 10 жыл қатарынан өткізіліп келеді және де экономикалық ой, идея мен тәжірибені байланыстыратын халықаралық алаңға айналды. Шараға 10 жыл ішінде әлемнің 150 елінен 50 мыңнан астам делегат қатысты. Форумның әсері зор: мұнда халықаралық инвесторларды тартудан бастап елімізде және әлемде экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыру жөніндегі жаңа идеялармен алмасуға дейін қарастырылған», деді Руслан Дәленов.

Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, форумды қайта жаңартатын уақыт жетті.

«Әлем өзгеруде, Қазақстанда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, демек форум да жаңа талаптарға сай болуы керек. Жаңартылған форум жаһандық сын-тегеуріндер туралы әлемнің жетекші саммитіне айналуы тиіс, бұл АЭФ-тің мазмұны мен өткізу формасын өзгерту қажеттігін білдіреді», деді Р. Дәленов.

Форум сұрақтарының ұсынылған тақырыбы терең және жан-жақты сараптамалық көзқарасты, тиісті тереңдікті және талқылаудың жоғары дәрежесін көздейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, АЭФ зияткерлік элита өкілдері әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайтын және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлейтін алаңға айналады.

Талқылауға 11 жаһандық тақырып ұсынылады: бірыңғай экономика әлемі, жаһандық стратегия әлемі, ресурстар әлемі, жаңа таза энергия әлемі, ұзақ өмір сүру әлемі, болашақ ақшалары әлемі, жаһандық қауіпсіздік әлемі, жаңа адамзат әлемі, қалалар әлемі, сингулярлық әлемі және цифрлық әлем.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу