Аймақтар • 24 Сәуір, 2018

Ақтөбеде 8 мың пәтер салынбақ

220 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылуының бірінші жылындағы қорытындысын таныстырды. 

Ақтөбеде 8 мың пәтер салынбақ

Жиын барысында аймақ басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы тұр­ғындар арасында кеңінен наси­хат­талғанын атап өтті.

«Ақтөбеде бір жыл ішінде «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сының материалдық базасы жасал­ды. Облыс экономикасының да­муы қоғамдық сананың жаң­ғы­руына, халықтың әл-ауқатының артуына оң әсер етті. Негізгі ба­ғыт­тар «Атамекен», «Тәрбие жә­не білім», «Рухани қазына» жә­не «Ақпарат толқыны» – 4 кіші бағ­дарламалары бойынша жалпы құны 12,5 млрд теңгеге 89 ірі жо­ба іске асырылды. Жылдың басты жобасы «Туған жер» респуб­ликалық жерлестер форумы деуге болады. Форумға 20 мемлекеттен: АҚШ, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Ар­мения және Әзербайжаннан барлығы 300-ден астам жерлес­тер қатысты. Облысымыздың эко­но­микалық дамуына бағыт­талған 80 млрд теңгені құрайтын 20 меморандумға қол қойылды. «Туған жер» форумына келген жерлес 23 медицина саласының атақты дәрігерлері 29-дан аса күрделі операция жасап, 1500 медицина қызметкерін қамтитын 14 семинар өткізді. Форум аясында «Туған жерге тағзым» акциясы жүзеге асырылды. Құтты мекен – Ақтөбеде жалпы құны 5,7 млрд теңге тұратын 614 әлеу­мет­тік жоба жүзеге асырылды. Жер­лестердің қолдауымен 28 сквер мен парк құрылысы (300 млн) салынды, әлеуметтік нысан­дар жөнделді, елді мекен­дердің инфрақұрылымдары жақ­сартылды. Биыл «Туған жерге тағзым» акциясы өз жалғасын табады. Өңірде жалпы құны 2 млрд 750 млн теңгеге 648 жоба жүзеге асырылады. Елімізде тұңғыш рет Ақтөбе облысында «Аналарға тағ­зым» рухани-тәрбие беру орта­лығының құрылысы басталды. Бұл жоба шетелдерде және рес­пуб­лика көлемінде тұрып жатқан жер­лестеріміз – ақтөбеліктердің қол­дауымен жүзеге асырылуда», деді ол.

Сонымен қатар аймақ басшы­сы балалардың шығар­машы­лық қабілетін дамытуды, функциялық сауаттылығын арттыруды, дарындылығын анықтауды, бас­қарушылық қасиетін дамытуды, кәсіпкерлікке бейімдеуді, ма­мандық таңдауына жол ашуды көз­д­ейтін құны 1,5 млрд теңге тұ­­ратын «Шығармашылық ака­де­мия­сы» салынғанын тілге тиек етті.

«Бүгінгі күні Шығармашылық академиясы 7 бағытта 45 үйірме ашып, 5000-нан астам жасөспірімді тәрбиелеуде. Бизнестің әлеу­мет­­тік жауапкершілігі аясында құны 1,5 млрд теңге тұратын 720 орындық «Жекпе-жек» спорт сарайы салынды. Бүгінгі күні мұнда халықаралық және рес­пуб­ликалық дәрежедегі спорт­тық жарыстар өткізілуде. Ақтө­беде алғаш рет құны 480 млн теңге тұратын Хоккей модулінің құры­лысы салынды. Спорт кеше­нінде 800-ге жуық бала мәнер­леп сырғанаумен, шорт-трекпен, хоккеймен тегін айналы­суға мүмкіндік алды. «Сәби» қайы­рым­дылық қорының қаржысына құны 1,4 млрд теңге тұратын «Ме­йірім» әлеуметтік бейімдеу жас­тар орталығы салынды, 111 тәр­бие­ленуші тұрып жатыр. Жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға ерекше қамқорлық жасалды. Бүгінгі күні 945 балаға жергілікті кәсіпкерлер тарапы­нан қамқоршылар бекітіліп, олар­дың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін­дегі есеп шоттары 210 млн тең­геге толықтырылды. Соны­мен қатар словак инвесторлары­мен бірлесіп, 3,8 млрд теңгені құ­райтын 2500 орындық «Мұз­айдыны» спорт кешені салы­нып жатыр. Халықаралық дәре­жеге сай келетін құны 1,5 млрд теңгеге Теннис орталығы, көлемі 8,5 мың шаршы метр болатын «Жеңіл атлетика манежі» ха­лық игілігіне ұсынылады. Жер­лестердің қолдауымен қала және аудандарда құны 348 млн тең­геге 53 спорт, воркаут, шағын фут­бол алаңдары және хоккей корт­тары салынды. Сонымен қатар «Мен – ақтөбелікпін!» өңір­лік жастар жобасы іске асырыла­ды. Жоба аясында 8 бағыт бо­йын­ша жұмыс жүргізіледі. Қы­тай Халық Республикасы, Ре­сей Федерациясының Мәскеу, Орын­бор, Қазан қалаларында, еліміз­дің Астана, Алматы, Орал, Қара­ғанды, т.б. қалаларында оқитын ақтөбелік жастармен кездесу өтеді. Жастарға Ақтөбеде еңбек етуге, облысымыздың дамуына үлес қосуларына жағдай жасалады», деді Б.Сапарбаев.

Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасына да тоқталып, осы орайда атқарылып жатқан мәселелерді тілге тиек етті.

«Парламенттің бірлескен оты­рысында Елбасы халыққа 5 жаңа әлеуметтік бастамасын жа­риялады. Бірінші бастама: «Әр­бір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Ағым­дағы жылы біз 870 мың шар­шы метр немесе кем дегенде 8 мың пәтер салуды ауқым­ды міндет ретінде қойдық. Алайда, Елбасы айтқандай, бұл әлі жет­кіліксіз. «7 – 20 – 25» бастамалық бағ­дар­ла­масы осы мәселені шешуге оң әсер етеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін өңір экономикасының өсі­мін кем дегенде 5 пайызға өсіру жұмыстары жалғасатын болады», деді Ақтөбе облысының әкімі.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»