Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Астанада цифрландыру жоспары таныстырылды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орын­дау аясында екі жоба жүзеге асыр­мақ. Сол арқылы дипломатиялық қызмет үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құрылып, e-residence жобасы іске қосылады.

Астанада цифрландыру жоспары таныстырылды

Сыртқы істер министрлігі ақпараттық тех­но­логиялар басқармасының басшысы Азамат Бөкебаевтың айтуынша, дип­­ло­­матиялық қызметке арналған бірың­ғай ақпараттық жүйе осы саладағы қағазбас­тылықтан құтылуға жағдай жасап, жұмысты жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Ал e-residence жобасы арқылы еліміз­де шетелдік компанияларды резидент ретінде электронды портал арқы­лы тір­кеу көзделіп отыр. Соған сәй­кес кәсібін жүр­гізіп, оны қашықтан басқару­ды көздеген шетелдіктердің тіркелу үшін Қазақ­стан­ға келуі міндетті емес.

А.Бөкебаевтың сөзіне қарағанда, e-residence биыл байқау ретінде іске қосылады. Алда-жалда жобаның тиімді екені анықталса, оны 2020 жылға дейін іске қосу жоспарланған.

«Электронды резидент – Қазақстан аумағында болмай-ақ кәсіп жүргізуге мүмкіндік береді. Сол арқылы шетелдік азамат салық төлеу, заңды тұлға тіркеу секілді бизнес жүргізуге қажетті бүкіл процесті жасай алады. Заңды тұлғаға өзінің электронды цифрлық қолтаңбасы бар ID карта беріледі. Оның көмегімен ол қандай да бір келісімдер жасасып, мемлекеттік органдардың сервисі арқылы құжаттарға қол қоя алады», деді А.Бөкебаев.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»