Білім • 24 Сәуір, 2018

Биологиядан ҰБТ сұрақтары (24.04.2018)

7373 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ескерту: 1-20 сұрақтың бір ғана жауабы дұрыс. Жалпы 20 балл, 21-30 сұрақ үш жауапқа дейін дұрыс, жалпы 20 балл.

Биологиядан ҰБТ сұрақтары (24.04.2018)

1. Картоптың жемісі

А) Түйнек
В) Тұқымша
С) Жидек
D) Қауашақ
Е) Жидек тәрізді

2. Спирт, карбол қышқылы, балауыз, парафин алынатын өсімдік:

А) Қыналар
В) Плаундар
С) Саңырауқұлақтар
D) Қырықжапырақтар
E) Мүктер

3. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:

A) Қант қызылшасы, қайың
B) Шай, лимон
C) Жер жаңғағы, шегіргүл
D) Бетеге, тары
E) Шие, алхоры

4. «Теңіз гүлі» деп аталатын ішекқуысты:

A) Цианеа
B) Обелия
C) Медуза
D) Актиния
E) Аурелия

5. Ақ сұламаның денесіндегі қабаттар

A) Эктодерма, мезодерма
B) Ішкі, сыртқы
C) Эктодерма, энтодерма
D) Эндодерма, мезодерма
E) Эктодерма, энтодерма, мезодерма

6. Көзі мен танау тесігінің ортасында ойыс шұқыры болатын жорғалаушы

A) Сұр келес
B) Қалқантұмсық
C) Құбылғы
D) Сұржылан
E) Батпақ тасбақасы

7. Гемоглобин нәруызының құрамы тұрады:

A) 96% глобин және 4% темір атомы бар гемнен
B) 4% глобин және 96% темір атомы бар гемнен
C) 92% глобин және 8% темір атомы бар гемнен
D)  90% глобин және 10% темір атомы бар гемнен
E) 98% глобин және 2% темір атомы бар гемнен

8. Көз қарашығын үлкейту рефлексінің орталығы орналасады:

A) сегізкөз бөлімінде
B) арқа бөлімінде
C) бел бөлімінде
D) мойын бөлімінде
E) бас миында

9. Тері арқылы жүзеге асады

A) 5% газ алмасу
B) 3% газ алмасу
C) 2% газ алмасу
D) 6% газ алмасу
E) 4% газ алмасу

10. Хромосомалық ауру

A) Қант диабеті
B) Клайнфельтер
C) Кретинизм
D) Полиомиелит
E) Бронхит

11. Қолға үйретілген құстардың ең ірісі

A) Қаз
B) Үйрек
C) Тауыс
D) Тауық
E) Күркетауық

12. Ұядағы ылғалдылық пен температураны реттейді

A) Аналық аралар
B) Аталық аралар
C) Жауынгер аралар
D) Жұмысшы аралар
E) Дернәсілдер

13. Іш сүзегі бактериясының топырақта тіршілік ету ұзақтығы

A) 25 күн
B) 1 ай
C) 3 күн
D) 3 ай
E) 13 күн

14. Көз мөлдірлігінің көмескіленуі

A) Глаукома
B) Конъюктивит
C) Катаракта
D) Қырағылық
E) Дальтонизм

15. Физиология ғылымының негізін салушы

A) Гиппократ
B) А.Везалий
C) И.П.Павлов
D) У.Гарвей
E) К.Гален

16. Биотикалық ластану

A) Тырысқақ, оба, безгек, сүзек, т.б. жұқпалы аурулардың таралуы
B) Қаназдық, сәулелік, тұқым қуалайтын, т.б. аурулар туғызады
C) Шегірткелердің, егеуқұйрықтың қаптап кетуі
D) Жылу, жарық, шу
E) Әртүрлі ластағыш заттардың биоценозда таралуы

17. Табиғи экожүйе

A) Бақша
B) Саябақ
C) Қала
D)  Көл
E) Егістік

18. Бидай мен қарабидайды будандастыру арқылы алынған мәдени өсімдік

A) Тұрып
B) Қазақстан-3
C) Грейпфрут
D) Тритикале
E) Безостая-1

19. Аз қозғалу ауруы

A) Артрит
B) Гиподинамия
C) Артроз
D) Гипокинезия
E) Сколиоз

20. Адамның жаралу және пайда болу кезеңі:

A) Архей
B)  мезозой
C) протерезой
D) триас
E) кайнозой

21. Шымтезек мүгі кездеседі

A) құмда
B) батпақта
C) минералды тыңайтқышта
D) өлекседе
E) ылғалды жерде
F) өсімдік шіріндісінде
G) қара топырақта
H) сазды жерде

22. Гидрада болмайтын мүше(лер):

A) Сезім
B) Тері, бұлшық ет
C) Қорғаныс
D) Көбею
E) Бөліп шығару
F) Жүйке
G) Тыныс алу
H) Ас қорыту

23. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым(дар):

A) Орнитология
B) Герпетология
C) Маммалогия
D) Ихтиология
E) Гельминтология
F) Териология
G) Этология
H) Генетика

24. Жұптұяқтылар отрядының жануар(лар)ы:

A) Құлан
B)  Шошқа
C) Тапир
D) Жылқы
E) Керқұлан
F) Керік
G) Киік
H) Тарпаң

25. Тоқішектің бастау алар жері:

A) Тікішек
B) Ашішек
C) Жиек ішек
D) Ұлтабар
E) Соқырішек
F) Бүрлер
G) Бүйен
H) Мықын ішек

26. Жүрек бұлшық еті жасушаларының пішін(дер)і:

A) Доғалдау
B) Үш ядролы
C) Сүйірлеу, бір ядролы
D) Көлденең жолақты
E) Екі ядролы, сүйірлеу
F) Доғалдау, үш ядролы
G) Бір, кейде екі ядролы
H) Сүйірлеу

27. Хромопластар кездеседі:

A) Гүлтабанында
B) Күлтеде
C) Түйнекте
D) Күзгі жапырақта
E) Сабақта
F) Піскен жемісте
G) Тұқымда
H) Жапырақта

28. Судың гравитациялық күшінен пайда болатын толқындар

A) Дауыл
B) Құйын
C) Цунами
D) Су тасу
E) Сел тасқыны
F) Жанартау атқылау
G) Көшкін
H) Жер сілкіну

29. Жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын біржылдық өсімдік(тер):

A) Фанерофиттер
B) Хамефиттер
C) Терофиттер
D) Криптофиттер
E) Эпифиттер
F) Геофиттер
G) Гемикриптофиттер
H) Ксерофиттер

30. Интерфазаның синтез кезеңінде жүзеге асады:

A) Ферменттер жинақталады
B) Нуклеотидтер жинақталады
C) Аминқышқылдары жинақталады
D) АТФ синтезделеді
E) ДНҚ ыдырайды
F) АТФ жинақталады
G) ДНҚ молекуласы синтезделеді
H) Нәруыз молекуласы синтезделеді

 

Құрастырушы: Республикалық «KAZBILIM» орталығы
©Авторлық құқық толығымен сақталған
Байланыс нөмірі: +7 776 4318008