Парламент • 24 Сәуір, 2018

Сенат Төрағасының орынбасары «Единая Россия» партиясының өкілімен кездесті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, «Единая Россия» партиясы Бас кеңесі хатшысының орынбасары Сергеем Железнякпен кездесті.

Сенат Төрағасының орынбасары «Единая Россия» партиясының өкілімен кездесті

С.Громов биылғы наурыз айындағы президент сайлауының табысты өтуімен құттықтай келіп, Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық байланыстары екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құрамы екенін атап өтті. «Бұл қатынастарға Қазақстан мен Ресей Парламенттері жоғарғы палаталары депутаттарының парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссиядағы қызметі зор ықпал етеді», - деді ол.

Ол сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы парламенттік дипломатиядағы маңызды халықаралық қызмет екенін атап өтті, осы ықпалдасу бірлестіктерінің аясында депутаттар елдер заңнамасының үйлесімі мен жақындасуын қамтамасыз етеді.

С.Громов Қазақстан ішкі саясатындағы басты бағыттар мен ондағы негізгі стратегиялар мен бағдарламалық құжаттар туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасы жайында жан-жақты әңгімелеп берді.

«Единая Россия» партиясы Бас кеңесі хатшысының орынбасары Қазақстан Президентінің әлеуметтік бастамаларының маңызын атап өтті және Сирия шиеленістері жөніндегі келіссөздердегі Қазақстанның рөліне жоғары баға берді.

Тараптар сондай-ақ аймақаралық және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.