Алтынның «алтын дәуірі» аяқталып келе ме?

Жақында әлем елдеріндегі орталық банктердің өздерінде бар алтын резервінің бағасын көтермелеп отырғандығы анықталды. Осыдан 9 жыл бұрын дағдарыстың сілемі сезіле бастаған кезде орталық банктер өз резервтерін сақтап қалу үшін қордағы алтындарын сатуды тоқтатып, керісінше басқалардан сатып алуға көшкен-ді. Бұдан құнды металдың бағалана бастағанын аңғаруға болады. Бұл ретте тәуекелге бел байлауға асықпайтын инвесторлардың дамыған елдердің бас банктері жасап жатқан осындай қадамнан кейін алтынға деген сенімдері нығая түсті. Десе де, бағалы металға сұраныс пен қажеттіліктің артуы кездейсоқтық емес. 

Егемен Қазақстан
25.04.2018 11204
2

Әлем елдерінің үлесі

Алтын нарығындағы қыры мен сырын санап бітпейтін мә­селелерді экономика ғылым­дарының докторы, профессор Рахман Алшанұлынан сұрап білген едік. 

– Бірнеше жылдың кө­ле­мінде дүниежүзілік эконо­миканың даму қарқыны айтар­лықтай артып, жалпы өсімнің көлемі 241 трлн доллардан асты. Күні бүгінге дейін өндірілген және жиналған алтын – 188,1 мың тонна, құны 8-9 трлн долларды құрайды. Ескеретіні, геологиялық алтын коры 45-50 мың тоннаны кұрайды. Ал жер қойнауындағы әлі алын­баған сары алтынның үлесі әлем елдері бойынша мынадай: Аустралияда − 7 жарым мың тон­на, Оңтүстік Африка Респуб­ликасында − 6 мың тонна, Ресейде − 5 мың тонна, Чилиде − 3 жарым мың тонна, АҚШ пен Индонезияда − 3 мың тонна, Бразилияда − 2 жарым мың тонна, Перу мен Қытайда − 2 мың тоннаға жуық, Өзбекстанда − 1,7 мың тонна болса, бұл көрсеткіш Мексикада 1,4 мың тоннаны құрап отыр.

Осыдан екі жыл бұрын әлем бо­йынша өндіріс 3222 тонна болса, нарықтағы алтынның бір тоннасы − 34 млн доллар мөлшерінде, жылдық есепте алтыннан түскен қаражат − 109,5 млрд доллар. Осы уақыт аралығында дүниежүзілік жалпы өнім 75 трлн доллардан асып жығылады. Қазіргі жағдайда да, нарықтың бұл түрі жылдан жылға еселеніп артып келеді. Бұл процесс осылай қарқын ала берсе, алтын өндіруші кәсіп­орындар үшін шикізат тек 15-25 жылға жетеді. Өз кезе­гінде алтын өндіру азайған са­йын, оның дүниежүзілік айыр­бас қатынастары кезінде атқаратын қызметі бәсеңдеп, ақша ре­тін­дегі қолданыстан ажырай бас­тайды, – деді сарапшы. 

Ғалымның айтуынша, алтынның «алтын дәуірі» жаңа сипатта қарқын ала бас­тады. Түсінікті болу үшін сәл шегініс жасасақ, ІІ жаһандық соғыс кезінде АҚШ-тың алтын қоры 20,2 мың тоннаға жетіп, Бреттон-Вуд валюталық жүйесі кезінде АҚШ долларды тұрақтандыру үшін алтынды кеңінен қолданысқа ен­гіз­ді. Бірте-бірте америкалық дол­лар­дың құны алтынмен бағалана бас­тады. Әлемдік валюта жүйесінің көк қағаз­бен өлшенуі жер жаһандағы алтын қорының 70 пайызын АҚШ-тың иеленіп отырғандығымен байланысты. Бірақ уақыт алтын арқылы көтерілген доллардың қуатының мәңгілік еместігін көрсетіп отыр. АҚШ-тың экономикалық жағдайы оның әлемдік ІЖӨ-ге ықпалы жыл өте бәсеңдей бастады. Ендігі тіз­гін­ді индустриясы жаңа серпін алған Жапония, Еуропа елдері, Корея қолға алып, аталған елдердегі валютаның қол­­даныс аясы кеңейе түсті. Айта кетерлігі, 1976-1978 жылдары өткен Ямай­ка келі­сімі бойынша сыртқы саудада валю­­та­­ның ортақ айналымда болуы үшін ол бәсеке­ге қабілетті болуы тиіс еді. Оны анықтау үшін өзгермелі курс ен­гізілді. Сөйтіп нарық алаңының ойыншысы тек доллар ғана болып қал­май, өзге де валюталарға мүмкіндік берілді. Ал алтын қандай заман туса да өз бас­тапқы бағалы қалпынан тайған емес. Сары металл қаржылық сипаттан ажырағанымен тауар ретінде үздіксіз сұраныста болды. Дамыған елдердегі орталық банктер алтынның көп бөлігін нарықтағы саудадан төмен бағаға сатып алып, орайы келгенде ұтымды сатумен айналысып келді. 2016 жылы әлемдегі алтынның 50 пайызы зергерлік бұйымдар күйінде сақталып, 18 пайызы жеке инвесторларға тиесілі болса, 18 пайызы мемлекеттік резервтерде сақталып, 12 пайызы өнеркәсіптік бұйымдарда, қалған 2 пайызы басқа да мақсатта қолданылған. 

Дүниежүзілік алтын кеңесінің 2017 жылғы есебі бойынша әлем елдерінің алтын резервтері мен ұлттық резервтегі алтынның үлесі мынадай болды: АҚШ – 8133,5 (75,2 пайыз), Германия – 3377,3 (69,7 пайыз), Халықаралық валюта қоры – 2814, Италия – 2451,8 (67,5 пайыз), Франция – 2435,9 (65,8 пайыз), Қытай – 1842,6 (2,4 пайыз), Ресей – 1687,3 (17,1 пайыз), Швейцария −1040 (5,8 пайыз), Жапония – 765,2 (2,5 пайыз), Қазақстан – 270,9 тонна (36,7 пайыз).

Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде Жапониядан өзге дамыған елдерде алтын қоры азайып, керісінше дамушы мемлекеттерде өсім артқан. Алтынның дүниежүзілік қоры 1970-2017 жылдар аралығында 3,1 мың тоннаға азайып отыр. Жыл басында WGC орталық банк­тердің өткен жылғы қорытынды есебі­нен 2016 жылы 389,8 тонна алтын сатып алынса, өткен жылы бұл көрсеткіш 371,4 тоннаға дейін төмендегендігін көруге болады. Кезінде қолдағы бар ал­тын­ның қадірін түсіне бермеген елдер оның тапшылығын сезінген кез­де бағалап, өз үлесін меншіктеп қалуға тырысып бағады. Өндірістің төмендеп, алтынның әлемдік қордағы үлесі кеміген соңғы жүз жылдықта валюта жүйесінен алтын ығысып, айырбас қатынастары кезіндегі «заңды» қызметінен босауға мүдделі күйде. Оған дәлел, қаржы, сауда, экономикалық қатынастар қалыптасқан дүниежүзілік валюта жүйесінің дамуындағы бес қезең: Париждік валюта жүйесі (1821-1867 жж), Бреттон-вудтік валюта жүйесі (1944 ж), Ямайкалық валюта жүйесі (1976-1978 жж) және Еуропалық жүйе. 

«Алтын шыққан жерді белден қазған» Қытай

Таяуда АҚШ-тың геологиялық қызметі (USGS) өткен жылдағы алтын өндірісінде көшбасшы атанған елдердің тізімін анықтады. Құны бағалы металды басты қазба байлығы санаған Оңтүстік Африка осыдан 11 жыл бұрын өндіріс көлемін жылына 270 тоннаға дейін арттырып келген. Тіпті 1970 жылы рекордтық көрсеткіш орнап, бір айда 1 мың тонна алтын алыпты. Бірақ соңғы жылдары Оңтүстік Африкадағы өндіріс тұралап, әлем бойынша аталған салада 7-орынға түсіп қалды. Десе де, әлі өң­дел­меген алтын бұл өңірде 6000 тоннаны құрайтындығы анықталған. Жалпы, ста­тистикада Аустралия 7 500 тонна өңдел­меген алтынмен бірінші, Оңтүстік Африка екінші орында. USGS келтірген ақпаратта әлемдік алтын өндірісінің қар­қыны баяуламаса, қалған қор 17 жылға ғана жететіндігі айтылып отыр. 

Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) мәліметіне сүйенсек, 2008 жылдан бері әлемдік алтын қоры жыл сайын артып келген еді. Алайда өткен жылы бұл өсім бәсеңдеді. Мәселен, ең ірі алтын өндіруші елдің бірі Қытайдың өндірісі өткен жылы 9 пайызға азай­ған. Financial Times мәлімдеуінше, Қытай­да алтын өндіру 1980 жылдан бері екінші рет төмендеп отыр. Әлемдегі алтын өндірісінің шамамен 15 пайызы Қытайдың үлесінде. Осыдан екі жыл бұрын қытайлық билік алтын өндіру саласына шектеу енгізіп, бірқатар шағын алтын кеніштерін жауып тастады. Соған қарамастан, 2017 жылы 440 тонна бағалы металл өндірген Қытай жылдық есепте өзгелерден көш ілгері екендігін көрсетті. Ешбір мемлекетте жоқ «Алтын әскерді» де Аспанасты елі құрып отыр. Бұл әскер саяси мақсатта емес, алтын кендерін іздестіру, геологиялық барлау жасау негізінде құрылған. 

Алтын өндірісіндегі Қытайдан кейін­гі екінші орында Аустралия тұр. Бұл ел былтырғы көрсеткішін 3,45 па­йыз­ға арттырып, 300 тонна сары алтын өндірген. Алтын қазуды басты табыс көзіне айналдырып үлгерген ел үшін баға­лы металл ел экономикасынан бөлек, халықтың қолын іске іліндіріп, аузын асқа жарытып отыр. Аталған сала­дағы мүйізі қарағайдай компания­лар жұмысшы іздеп әуре болмай, жергілікті халықты іске жұмылдырған. Ең ірі аффи­наж­далған бағалы металды ғана шыға­ра­тын зауыт жұмысына қарап Аустра­лия­ алтынның ең сапалы түрін өндіруді жолға қойғанын байқауға болады. 

Құнды металдың қасиетін түсірмей­тін Ресей бұл жолы да үздік үштіктің қатарында. Өткен жылы аталған елдің 50-ге жуық кен орындарын да, оның ішінде Краснояр мен Алтай өлкесінен 255 тонна бағалы металл өңделген. Соңғы уақытта әлемдік нарықта алтынның майдаланған ұсақ түрі өндірісті аса қажет етпегендіктен өндіру ісі баяулаған. Тек Ресей бұл бағытта алған бетінен таймай, көшбасшы атанып отыр.

Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council) биылғы жылдағы бағалы металл нарығының жай-күйін, жаһандық экономикадағы үдерістерді сараптан өткізіп, әлемдік дағдарыс екі өкпеден қысқан 10 жылға жуық аралықта сауда-саттықтың тұралап қалғандығын, бірақ қайтадан қалыпқа келе бастағандығын хабарлайды. Әсіресе Қытай, Үндістан сияқты алтынның сұранысын өтеп отыр­ған елдерде зергерлік бұйымдар, құйма­лар мен монеталар жасау жолға қойы­лып, инвес­тицияны да бағалы метал­дың осы түріне сақтауға басымдық бе­ріл­г­ен. Өткен жылы үндістандықтар 727 тон­­наға алтын импорттап, одан экс­порт­қа бұйымдар шығарып, 889,59 млн доллар пайда тапқан. Ақша жасау­дың жолын білетін үндістандықтар мұны табыстың көзіне айналдырған. Былтырғы қаңтар-ақ­пан айында Швейцарияның кедендік қыз­меті Үндіс­танға 27,77 тонна алтын жөнел­тіл­генін анықтаған. Сырттан 606 млн АҚШ долларына сары алтын сатып алынып, одан жасалған әшекей бұйымдарды өзге мемлекеттерге сатып, екі есе пайда кіргізген. 

Қазақстандағы бағалы металдар – 303 тонна

Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) 2018 жылдың 1 наурызында келтірген мәліметі бойынша, Қазақстанда бағалы металдардың (алтын, күміс, платина) Алтын валюта қорын­дағы үлесі 303 тоннадан асқан. Бұл елі­міздің барлық халықаралық қоры­ның 41,3 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда бағалы металдар қорының қөлемі бойынша 100 елдің ішінде Қазақстан 18-орынға табан тіреген. 

Экономист, ғалым Рахман Алшан­ұлының айтуынша, мемлекеттік резервте Қазақстан алтын айырбастау бойынша 40-орында тұр. Халықаралық валюта қорында тіркелген мәліметте осындай дерек көрсетілген. Еліміздің Ұлттық банкінде 40 тоннадан астам алтын айналымда болған. Ал алтынның бекітілген көлемі 1,3 млн унция шамасында (үштік унция = 31,1035 грамм) немесе 41,8 тонна көлемінде сақталуы елдегі алтын валюта резервтерінің үнемі өсуімен байланысты, дейді ғалым. 

Сарапшыдан өңдеу өнеркәсібіндегі Қазақстан әлеуетінің қандай екендігін сұрап білдік. 

– Мемлекеттік баланс бойынша Қазақ­станда 293 алтын қоры сақталған объекті бар. Олардың ішінде 235-і байырғы, 48-і шашыраңқы орналасқан кен орындары, 10-ы техногендік минералды түзілімдер. Тұтастай алғандағы алтын қордың жартысына жуығы 8 ірі кен орындарында орналасқан. Олар: Васильков­ский кен орны − 335-360 тонна, Бақыршақ кен орны − 257-277 тонна, Мизек кен орны − 65 тонна, Суздаль, Ақбақай кен орындары− 63 тонна, Бестөбе, Жолымбет, Большевик − 30 тонна – жоспарланғаны 100 тонна, Құсмұрын − 24 тонна, деді сарапшы.

– Ұлттық банк елімізде өндірілген алтынды бірнеше мемлекетке экспорттап келеді. Соңғы уақытта негізгі сатып алушы ел − Швейцария. Елдегі алтынға сұраныс арт­қан сайын ішкі өндіріс қарқыны да есе­лене түскен. Бүгінгі күнге дейін 12 мың дананы құрайтын мерейтойлық жә­не ескерткіш монеталардың 6 сериясы шы­­ға­рылған. Ішкі сауда нарығында құны бағ­а­лы металдан ыдыс-аяқ және өзге де бұ­йым­дар жасау үлесі артып, бұл бағытта Қазақ­стан жаңа серпінмен дамуға бет алды. 

Биылғы бағаға болжам

Биылғы жылы құнды металдың баға­сы қандай мөлшерде сақталатынын әлем­дік сарапшылар әрқилы пайымдайды. Кана­далық банк алтын нарығында ай­тар­лықтай өсім болмайтындығын ескер­те отырып, унциясы 1250-1275 дол­лар болады десе, голландиялық ABN Amro банкі әлемдік саудада алтын унциясы 1200-1250 мөлшерінде саудаланады деген пікір айтқан. Америкалық Goldman Sachs банк осыған дейін алтын бағасы жыл басында унциясына − 1225 доллар, жыл ортасында − 1200 доллар, жыл соңында 1225 доллар болады десе, таяуда болжамдарын өзгертіп, 1350 доллар, 1375 доллар және 1450 доллар мөлшерінде сақталады деп шешті. Bank of America Merrill Lynch сарапшылары да алтынның құны 1326 доллар болады деген ойда. Алтын бағасының қымбаттауын олар жаһан­дағы сауда нарығының артуымен, да­мыған елдер валюталарының бәсекеге қабілеттілігі жоғарылауымен байланыстырып отыр. Бағалы металл бағасының артуына мұнай нарығы мен әлемдік инфляцияның жоғары деңгейде сақталуы тікелей ықпал етіп отыр.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу