Қазақстан • 26 Сәуір, 2018

Қолжетімді баспананы көбейтудің жолы

259 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Урбанизация үрдісі үде­ген бүгінгі қоғамда халық­тың тұрмыс деңгейін айқындайтын көрсеткіш­тер­дің бірі жайлы баспана екені анық. Мемлекет бас­шысының тікелей тапсырма­сымен елімізде тұрғын үй құрылысын дамы­туға барынша басымдық бе­ріліп келе жатқаны осы­ған байланысты. 

Қолжетімді баспананы көбейтудің жолы

Жуыр­да «Президенттің бес әлеу­меттік бастамасында» айтылған «7 – 20 – 25» бағ­дарламасы ендігі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен қатар жүретіні белгілі болды.

«7 – 20 – 25» пен «Нұрлы жер» бағ­дарламалары бір-біріне ке­дергі жасамай жүзеге асырылады. Ин­вестициялар және даму минис­трлігінің хабарлауынша, кейін­гі бағдарламаны іске қосуға бай­ланысты «Нұрлы жерге» бір­қатар өзгерістер енгізілмек.

«7 – 20 – 25» бағдарламасына қо­сымша инфрақұрылым қа­жет­тігіне орай «Нұрлы жерге» өзгерістер енгізі­ліп жатыр. Сондықтан да осы­ның аясын­да коммуникация, жол, газ, жарық, су жә­не та­ғы басқа инфрақұрылым түр­­лерін жүргізуге байланыс­ты қо­­сым­­ша жұ­мыс­тарды атқару жос­пар­ла­нып отыр», дейді Ин­вес­­тициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Бағдарламаға қосымша өз­геріс­­тер енгізілгенімен, одан еште­ңе алынып тас­талмайды. Жеке тұр­ғын үй құрылысын, жалға не­месе несиеге берілетін тұрғын үйлерді қолдауға бағыт­тал­ған барлық тетіктер сақтала­ды. Сондай-ақ құрылыс салушы­лар­ға субсидия бөлу арқылы қол­дау көрсету де жалғасатын болады.

Министрліктің хабарлауын­ша, алдағы уақытта ипотека бо­йынша субсидиялау дең­­гейін төмендету мәселесі қарас­ты­ры­лып жатыр. Бұған дейінгі 10 пайыздық меже сақталады, 7 па­йызын министрлік субсидия­лайды. Бұл үдеріс «7 – 20 – 25» бағ­дарламасымен қатар жүр­гізі­леді. Жаңа бағдарламаны қолдау мақсатында болмаса, қан­дай да бір тү­бегейлі өзгерістер бол­мау­ға тиіс.

Сонымен қатар алдағы уа­қыт­та тұр­ғын үй салынатын ау­дан­дар­дағы ин­же­нерлік коммуни­ка­цияларды қар­жы­лан­дыру кө­лемі ұлғаймақ. Оның көлемін 80 мил­лиардтан 100 миллиардқа жет­кізу көзделген.

Тағы бір айта кетерлігі, ке­­­ле­сі жылдан бастап сатып алу құ­қығынсыз бе­рі­летін арен­да­лық тұрғын үй салу үшін рес­­пуб­ли­калық бюджеттен жыл сайын 10 миллиард теңге шама­сын­да қаржы бө­ліп отыру жос­пар­ланып отыр. Бұл әр жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қам­тыл­ған тағы 1 мың отбасының бас­паналы болуына септігін ти­гізеді.

Инвестициялар және даму ми­нис­трлігінің хабарлауынша, әкімдіктер салатын үйлердің баға­сындағы жеңілдіктер бағ­дар­ламаға қатысушылардың құл­шы­нысын арттыруға тиіс. Баспа­наның шаршы метрі өңірлерде 140 мың теңге болса, Астана мен Алматы, Атырау мен Астана сынды пәтер қымбат қалаларда 180 мың теңгені құрайды. Салынған үйлер банк салымшыларына 3 ай ішінде сатылады.

«7 – 20 – 25» бағдарламасы биылғы жылдың екінші жарты­сынан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бағ­дар­ламаның жүзеге асырылу те­тіктерін алдағы айларда Ұлттық банк бекітуге тиіс. Бұған дейін хабарланғандай, оған ай сайынғы тұрақты табысы бар елі­міз­дің кез келген азаматы қатыса алады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қа­­зақ­­станның үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қабі­лет­­тілік» атты Жолдауында ел эко­­но­микасының толыққанды драй­­вері ретінде құрылыс секторын одан әрі дамыту міндеті жүк­телгені мәлім. Ал баспанамен қамту бағдарламасы құры­лыс секторына тың серпін беру­ге тиіс екені анық. Халыққа пәтер алу үшін 7 пайыздық мөл­шер­лемемен ипотекалық несие беру елімізде тұрғын үй құры­лы­сының дамуына серпін берері сөзсіз. Еліміздегі ІЖӨ-ның 6 па­йызы құрылыс секторының ен­шісінде. Мамандардың пайым­дауынша, жаңа бағдарламада қа­рас­тырылған тетіктер бұл көрсет­кішті 10-12 пайызға дейін арт­тыруға тиіс. Сондай-ақ құрылыс секторының қарқын алуы басқа да жанама салалардың жандануына, қосымша жұмыс орындарының ашылуына әсер ететіні түсінікті.

Жоғарыда айтып өт­кені­міздей, «Нұрлы жермен» қатар жүр­­гізілетін «7 – 20 – 25» бағдар­­ламасы биылғы жылдың екінші жартысынан бастап іске қосы­луы тиіс. Оған дейін ұлттық банк пен басқа да тиісті органдар жүйелі жұмысқа қажетті бар­лық тетіктер мен талаптарды нақ­ты­лауы керек.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51