Қаржы • 26 Сәуір, 2018

Онлайн несие: нарыққа түсінікті, ашық ережелер қажет

446 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Парламент онлайн несие сервистерінің қызметін шектеуді жоспарлап отыр. Бүгінде депутаттар оны реттеудің бірнеше жолын қарастыруда. Нарыққа жаңа, түсінікті және ашық ережелер керек екенін билік те, нарыққа қатысушылар да түсінеді. 

Онлайн несие: нарыққа түсінікті, ашық ережелер қажет

Реттеушілік килігу, араласу түрлерінде ғана келіспеушілік пайда болуы мүмкін, мысалы, жауапкершілікті реттеу қаржылық-технологиялық сектордың өркениетті дамуына ықпал етуі мүмкін. Ал орынсыз немесе көңілге қонымсыз реттеу нарықты бұзып, іргелес салаларға да жағымсыз әсерін тигізуі ықтимал.

Қазір қалай жұмыс істеп тұр?

Қазір Қазақстандағы онлайн-несиелеу секторында са­ла­лық заңнама жоқ. Интернет ар­қылы ең жиі берілетін несие көлемі 55 000 теңге екен. Ор­таша ставка – күніне 1,2-1,3%. Нарыққа қатысушылар өзін өзі реттейтін «ҚазФинТех» қау­­ымдастығын құрған. Ол құ­­қықтық және этностық нор­ма­лардың сақталуын қада­ғ­а­лай­ды және жұмыстың жа­ңа стан­д­арттарын жасап шы­ға­рады. Қауымдастық ере­желері бо-
й­ынша, компания­лард­ың кли­енттен өндіріп ала алатын ең жоғары сомасы несиені қос­қандағы дәл осындай үш жа­рым несиенің көлемінен ас­пайды.

Нарықтың жауапты қаты­су­шылары қауым­дас­тық шең­берінде жұмыс істейді, бі­рақ ішкі рет­теу ғана емес, бақы­лау­шы органдар тарапынан да реттеу жұмыстары қажет. «Қаз­ФинТех» Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Ұлттық банкінің ха­лық­ты өсімқорлар мен қарыз­ды өн­діріп алудың кей­бір әре­кет­те­рінен қорғауды көз­дей­тін ұс­танымын қолдайды. Қау­ым­дас­тық Ұлттық банкке ұсы­ну үшін нарықты дамы­ту­дың ал­дағы 3-5 жылға арналған жол кар­тасы жобаларын дайындап жа­тыр.

Аталмыш нарықты реттеу құралдарын таңдағанда не­сие бе­рушінің де, несие алушы­лар­дың да мүддесін ұмытпау керек, дейді RAEX рейтингтік агент­тігінің («Эксперт РА Қазақ­стан») бас директоры Әділ Мамажанов. Оның сө­зі­не сенсек, ұсынылған құрал­дар­дың қай-қайсысы болмасын, на­рықтың талаптарына балта ша­батын болса, оны пай­да­ланудың қажеті жоқ. «Кли­ент­терді қорғау керек, бі­рақ на­рықты да өлтіріп ал­май­ық», дейді ол.

Қандай қадам жасалады?

Қазақстан Парламенті на­рық­ты реттеудің бірнеше жо­­лын ­қарастырып отыр. Бұл орайда бизнестің табыс­ты­лы­­ғы ғана емес, тұтас бір саланың тыныс-тіршілігі Пар­ла­менттің қандай құралды таң­дай­тынына байланысты болып тұр. Реттеуші сыйақының жыл­дық мөлшерлемесін 100% көле­мінде шектеу және несие бойынша артық төлемнің ең жоғары мөлшерін 100%-дан асырмау мүмкіндігін қа­рас­т­ырып отыр. Былайша айт­қан­да, заңнамаға түзету ен­гі­з­ген жағ­дайда жылдық мөл­шер­ле­ме мен ең жоғары ар­тық тө­ле­мнің сомасы шектеледі: екі жағ­дайда да бұл көрс­ет­кіш­тер қазіргі нарықта бар көр­сет­кіштен әлдеқайда төмен.

– Егер реттеуші жылдық мөл­­шер­лемеге шектеу қой­са, бұл шешім жалпы на­рыққа жа­ғымсыз әсер етеді: ұйым­дар­дың бір бөлігі нарық­тан кетеді, қалғандары басқа өнім­дерді іске қосады,– дейді «Чес­тное слово» микронесие бе­ру­ші халықаралық онлайн-сер­висінің бас директоры Анд­рей Петков. Оның айтуынша, бұл жағдай қарыз алушылар үшін қолжетімді несие құра­лы­нан айырылу деген сөз, ал на­­рық үшін – ойыншылар «кө­лең­келі» іске бет бұрып, бір кез­дері мемлекеттің шамасы кел­­мей, әбден әуреге салған 90-жылдардағы қарақшы өсім­қор­лар қайтадан пайда болуы әбден мүмкін.

– Ставканы шектеу нарық­тық экономикаға қайшы, рет­теу­­шінің қызмет құнын қа­лып­­тас­тыруға тікелей араласу­ы на­рықты бұзады,– дейді Қазақ­стан­дағы онлайн-сервис­тер­мен жұмыс істейтін ірі ин­вестор. Айтуынша, оның ор­нына ең жо­ғары артық тө­лемнің сома­сын шектесе, әлдеқайда ти­імді болар еді. Ол дұрыс бә­секелестікке кедергі кел­тір­мейді және тұтынушыны қор­ғауға мүмкіндік береді.

«ҚазФинТех» қауым­дас­ты­ғы да осындай пікірде. Қа­у­ымдастық реттеушілік ық­пал­ды бағалап, ставканы реттеу қоғам мен мемлекет үшін көп­теген тәуекелдер алып ке­леді деген қорытынды жаса­ды. Бұл дегеніңіз қаржылық қол­жетімділіктің төмендеуі жә­не әлеуметтік қысымның өсуі, өсімқорлықтың, қылмыс­тық «сұр» және «қара» базар­дың көбеюі. Яғни қылмыс та өседі, қарыз алушылар жә­не олардың кредиторлармен келіспеушіліктері қорғалмайды, отандық қаржы на­­рығы технологиялық тұр­ғы­да артта қалады және басқа да қауіп-қатерлер аз емес.

Онлайн-несиелеу сервис­те­рі­нің эконо­ми­калық моделі мөл­шерлемені 100% көлемінде шек­­теп қоюмен үйлеспейді дей­ді нарыққа қа­тыс­ушылар. Егер шектеулер енгізілсе ком­­па­ниялар шығынға ұшы­рап, жабылуға мәжбүр болады. Қауымдастықтың мәлі­ме­тін­ше, несиенің мерзімі мен мөл­шер­лемесінің ағымдағы орта­ша көрсеткіші жағдайында он­лайн-сервис бизнесінің та­быс­тылығы шамамен 7%-ды құрайды. Салыстыратын бол­сақ, стоматологиялық биз­нес­тің табыстылығы – 14,7%, ал мей­рамхана (кофехана) биз­не­сінің табыстылығы – 26%.

Әлемдік тәжірибе

Барлық дамыған елдердің қар­жылық технологиялар н­а­ры­­ғында реттеушілік шектеулер бар. Олардың көпшілігінде не­сие мөлшерлемесіне тікелей шек­теу қойылмаған. Мысалы, АҚШ-тың көптеген штат­тарын­да ставкаға шектеу жоқ, ал орташа ставка – жылы­на 600 %. Ұлыбританияда 2016 жы­лы мемлекет қарыздың жи­ын­тық борышына 100% деп шек­теу қойды (Қазақстандағы «ҚазФинТех» те соны ұсынып отыр). Дәл осындай шектеулер Чехияда (2016 жылдан бастап) және Латвияда (2013 жылдан бастап) бар. Ресейдің Орталық банкі борыштың ең жоғары мөлшерін 150% көлемінде шектеуді жоспарлап отыр.

Аталған елдердің ба­р­лы­­ғында қаржылық- тех­но­ло­гия­лық сектор дамып жа­тыр, бі­рақ жағымсыз халық­ара­лық тәжірибе де жоқ емес. Мә­селен, Грузияда қаржылық-тех­нологиялық сектор 2014 жыл­дан 2016 жылға дейін есе­леп өсті, бірақ 2017 жылы ел­­дің жаңа үкіметі ешбір ес­ке­ртусіз тиімді пайыздық ст­ав­каны 100% көлемінде шек­­теп қой­ды. Бұл көптеген қар­­жыл­ық-технологиялық ком­­па­ния­лар­дың банкротқа ұшы­рау­ына себеп болды және қар­жылық-технологиялық сек­тор елде іс жүзінде жұмыс іс­темей қалды, сөйтіп елдегі осы саланың дамуын бірнеше жыл­ға кері шегеріп тастады.

– Дамыған елдердің заң шығарушылары басқа мем­лекеттердің табысты тәжі­ри­бе­сін қолданып, сол жолдан қи­нал­май өтеді. Біз де шет мем­лекеттердің тә­жі­ри­бе­сін ег­жей-тегжейлі зерт­теп, соның ішін­дегі ең үз­ді­гін пайдала­нып, бірте-бір­те өзімізде енгізуімізге бо­­лады, өйткені ойын ере­же­лерінің бірден өзгеруі қар­жы нарығындағы сенімді құр­тады,– дейді ID Finance ха­лықаралық қаржылық-тех­но­логиялық топтың негізін қа­лаушылардың бірі Борис Ба­тин. Қазақстан халқының 20%-ы үшін классикалық банк не­сиелері қолжетімсіз. Ал онла­йн-несие секторына қол­дау жасалмаса, халықты қи­нал­ған сәтте ала қоятын соңғы заң­ды қаржысынан айыруымыз мүмкін.

Дәулет ЖАҚСЫЛЫҚОВ

«Онлайн Финанс» ЖШС тапсырысы бойынша жарияланды