Әлем • 26 Сәуір, 2018

Франция президенті АҚШ Конгресінде не айтты?

517 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Франция президенті Эммануэль Макрон Вашингтонға ресми сапары барысында АҚШ Конгресінде сөз сөйлеп, Трамптан Иранмен ядролық келісімнен шықпауға көрдіруге тырысты, деп хабарлайды ВВС. 

Франция президенті АҚШ Конгресінде не айтты?

АҚШ заң шығарушыларына қарата айтқан сөзінде Макрон АҚШ пен Франция арасындағы достық қарым-қатынас туралы айтып, көптеген шайқастарда екі елдің қоян-қолтық әрекет еткенін еске алды. Сонымен қатар АҚШ пен Францияның адам құқығын қорғау, бостандық, гендерлік теңдік секілді мәселелерге көзқарасы бірдей екенін айтты. 

Иран ядролық бағдарламасы туралы айта келе Макрон Иранның ядролық қаруға иелік етуіне ешқашан жол бермеу керектігін қадап айтты. АҚШ президентінің Иран ядролық келісіміне теріс көзқараста екенін біле тұра Макрон "Біз тұрақтылықты қамтамасыз етуіміз керек", деді. 

Келісімді сақтап қалуға ниетті Макрон өз кезінде Францияның құжатқа қол қойғанын еске алды. 

Бұғын дейін Дональд Трамп Ақ үйде Франция президентін қабылдап, екі ел Иран ядролық келісімне қатысты ортақ шешімге келу керектігін айтқан болатын. Трамп Иран ядролық бағдарламасын тоқтату арқылы санкцияларды азайту келісіміне қатысты сыни пікір білдіріп, бұл келісімнің Тегеранның зымыран бағдарламасына қатысты емес екенін, бұл әрекет өңірдегі мәселені шешпейтінін айтты. Ал Макрон Трампты 2015 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция қол қойған келісімнен шықпауға көндірмек. 

Сонымен қатар Эммануэль Макрон Конгресте сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Париж келісіміне қайта оралатынына сенімділік білдірді. "Біз мойындау керек бір факт бар - бізде планета біреу ғана. Бізге бірге жұмыс істеп, планетамызды ұлы ету үшін көп күш жұмсау керек. Жаңа жұмыс орындарын құрсақ та, Жерді сақтап қалуымыз керек. Мен АҚШ-тың Париж келісіміне қайта қосылатынына сенімдімін", деді ол. 

Бұл сөздерді АҚШ Конгресіндегілер зор қошеметпен қабылдады. Әсіресе Трамптың позициясын қолдамайтын демократтар ерекше қуанғанын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар