Әдебиет • 26 Сәуір, 2018

Қызылордада обл­ыстық ассамблея активінің отыры­сы өтті

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінің мәжіліс залында «Жаңа гума­ни­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бі­рың­ғай республикалық күні аясында обл­ыстық ассамблея активінің отыры­сы өтті. 

 

 

 

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Қызылордада обл­ыстық ассамблея активінің отыры­сы өтті

Оған облыстық ассамблея хат­шы­лығының меңгерушісі Ләйлә Төре­шо­ва, облыстық ассамблея жанындағы ғы­лыми-сарапшылық топ мүшелері, этно­мәдени бірлестіктер, Аналар кеңе­сі, Жас­тар қанаты, «Жаңғыру жолы» ор­та­лы­ғының жастары, «Қазақ­стан хал­қы Ассамблеясы» кафедрасы, облыс­тық, қа­лалық Қоғамдық келісім ке­­ң­есі, қала­дағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қа­­тысты.

Жиында ғылыми-сарапшылық топ­тың мүшесі, тарих ғылымдарының кан­ди­даты Сағат Тайман, облыстық ҚХА жа­нындағы ғылыми-сарапшылық топтың мү­шесі, философия ғылымдарының кан­дидаты, профессор Оңғар Бер­ма­ханов, Абылай хан атындағы жоға­ры колледжінің директоры, саяси ғылым­да­рының кандидаты Руслан Дүлдүл, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанова сөз сөйледі.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Ақ­па­раттық технологиялар және ғы­лы­­ми жұ­мыс­тарды коммерциялау бас­қа­р­ма­сының бас­шысы, экономика ғы­лы­м­да­рының кандидаты Нұрлан Құл­мыр­з­аев былай деп сөзін сабақ­тады: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» ат­ты мақаласында аталған арнайы жоба­лар­дың қатарында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бас­тамасы бар. Бүгінгі таңда аталмыш жоба­ларды жүзеге асыру қарқынды жү­ру­де. Ұлттық аударма бюросы ал­дың­ғы қатарлы ЖОО-мен бірлесе отырып, алғашқы 18 оқулықты аударды.

Рухани жаңғырудың негізінде эко­номикалық жаңғыру да бар. Қазір әлем­дік жаһандану заманында әр ел мық­ты экономикасыз өмір сүре алмайды. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін әлем­дік экономикамен байланыса дамуымыз қажет. Ал әлемдік экономикалық үндес­тік­ке білім арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Білім мен ғылым оқулық арқылы келе­ді. Сол оқу­лық арқылы санамызды жаң­ғыр­та оты­рып, бәсекеге қабілетті маман­дар дай­ындалады. Ең бастысы экономи­ка­мыз дамыса, рухани көкжиегіміз ке­ңейеді», деді.

Отырысты облыстық ассамб­лея хат­шылығының меңгерушісі Ләй­лә Бега­лы­қызы қорытындылап, облыстық Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» жобасын жүзеге асы­ру­ға барынша күш салатындығын айтты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы