Еліміздегі еркін күрестің бүгінгі жай күйі қандай?

Ресми мәліметтерге сүйенсек, еркін күрес Қазақстанға ХХ ғасырдың бел ортасында келген екен. Тұңғыш республика біріншілігі 1951 жылы ұйымдастырылыпты. Содан бері табаны күректей жетпіс жылға жуық уақыт өтсе де, күні бүгінге дейін осы спорт түрін серік еткен бірде-бір отандасымызға Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында алтын тұғырға көтерілу бақыты бұйырмай келеді.

Егемен Қазақстан
26.04.2018 5221
2

Тәуелсіздікке дейін Қазақ­станның намысын қорғаған балуандардың жетеуі ғана КСРО чемпионы деген мәртебелі атаққа қол жеткізді. Олар – Аманкелді Ғабсаттаров (1962 жыл), Әбілсейіт Айқанов (1963 жыл), Петр Суриков (1971 жыл), Аманжол Бұғыбаев (1973 жыл), Федор Баумбах (1974 жыл), Александр Иванов (1974 және 1976 жылдары) және Мұсан Абдул-Мүсілімов (1979 жылы). Тағы 20-дан аса жерлесіміз айтулы жарыста жүлдегерлер санатына қосылды. Егер 1945-1991 жылдар аралығында Одақ біріншілігінің жалауы 47 мәрте желбірегенін ескерсек, бұл көрсеткіш көңілімізді марқайтты деп еш айта алмаймыз. Жарайды, ол тұста Кеңес Одағы бапкерлерінің іштарлығы мен солақай саясатының салдарынан еліміздің еркін күрес шеберлерінің басым бөлігінің жолы бөгелді дейік. Осы орайда мәскеулік мамандар тарапынан қазақтарға көп қиянат жасалғанын да жоққа шығармаймыз. Ол кезде заман солай болды деп ақталсақ та, ешкім айыпқа бұйырмас.

КСРО құрдымға кетіп, Қа­зақ­стан тәуелсіздік алғаннан кейін барлық спорт түрлерінен өз қалауымыз бойынша дербес команда жасақтауға жол ашыл­ды. Еркін күрестің де ең­сесін көтеруге тамаша мүм­кін­дік туды. Сөз жоқ, қазір елі­мізде Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарының жүл­де­герлері, Азия чемпиондары, басқа да ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары шығып жатыр. Әрине, оған қуанамыз. Бі­рақ «әттеген-ай!» дейтін де жағ­дай жоқ емес. Ең өкініштісі, біз­дің мамандардың дені өз өрендерімізді тәрбиелеудің орнына легионерлердің көмегіне жүгінуді құп көреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі деректерді алға тартайық.

Қазақстанның еркін күрес шеберлері 1996-2016 жылдар аралығында 6 рет Олимпия ойындарына қатысып, 5 жүл­де (2 күміс+3 қола) олжалады. Тарқатып айтсақ, 2000 жы­лы Ислам Байрамуков пен 2004 жылы Геннадий Лалиев кү­міс алса, 1996 жылы Мәулен Ма­мыров, 2008 жылы Марид Мута­лимов және 2012 жылы Ақжүрек Таңатаров қола медальді қанағат тұтты. Осы бес жігіттің үшеуі өз өрендеріміз. Олар – Мәулен, Ислам және Ақжүрек. Ал Ген­надий мен Марид Қап тауы бөк­терінен келген. Сондай-ақ 2008 жылы Бейжіңде Таймұраз Тигиев екінші орынды иеленген болатын. Алайда уақыт оза «допинг қолданған» деген айыппен ол Олимпиада жүлдесінен қағылып, үлкен спорттан шеттетілді.  

1993-2016 жылдар ара­лығында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 20 рет әлем чемпионатында күш сынасты. Сол жарыстардың қорытындысы бойынша 10 жүлдені (2 күміс+8 қола) еншіледі. Елмәди Жабырайылов (1995 жылы) пен Нұрлан Бекжанов (2016) финалда ғана жеңілсе, Мәулен Мамыров (1997), Геннадий Лалиев (2003), Магомед Круглиев (2005), Леонид Спиридонов (2009), Әбілхакім Шәпиев (2010), Дәулет Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев (2011) және Ақжүрек Таңатаров (2017) үшінші тұғырға табан тіреді. Осы 10 спортшының тең жартысы сырттан келген. Мәселен, Жабырайылов – чешен, Лалиев – осетин, Круглиев – лезгин, Спиридонов – якут және Әбілхакім Шәпиев – авар.

Отандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында 15 мәрте бас жүлдені олжалады. Атап айтсақ, бұл белесті Марид Муталимов (2005, 2006, 2010) пен Дәулет Ниязбеков (2015, 2016, 2017) үш мәрте бағындырды. Елмәди Жабырайылов (1995), Мәулен Мамыров (1999), Ислам Байрамуков (2000), Леонид Спиридонов (2006), Нұржан Қатаев (2006), Дәурен Жұмағазиев (2011), Расул Қалиев (2014), Ақжүрек Таңатаров (2017) және Нұрислам Санаев (2018) сынды саңлақтар бір-бір реттен топ жарды. Сол алтындардың алтауы легионерлердің еншісінде.

Осылай тізбектей берсек, тәуелсіздік алғалы бері еркін күрес шеберлерінің байрақты бәсе­келерде олжалаған жүлде­лерінің жартысына жуығын сырттан келген спортшылар әкелгенін аңғару қиын емес. Әрине, егер олар маңызы зор, мәртебесі биік жарыстарда Қа­зақстанның туын үнемі биікте желбіретіп жатса, біз қуанамыз. Бірақ үнемі легионерлерге арқа сүйеп, жайбарақат отыра беруге болмайды ғой.  Арзан абыройға кенелу мақсатында жеңіл жолмен келген ондай табыстың қазақ жанкүйерлері үшін құны көк тиын. Жасыратыны жоқ, осы бір жаман үрдістің жалғаса бергенін жанымыз қаламайды. Біздің мамандар өз өрендерімізді тәрбиелеп, соларды биікке жетелеуі қажет. Тек сонда ғана әлемдік қоғамдастық алдында еліміздің елдігі мен ұлтымыздың тектілігін паш етіп, балуандық өнерде бай дәстүріміздің бар екенін мойындата аламыз.

Осы күнге дейін Қазақ­стан­ның еркін күрес шеберлері ара­сынан не Олимпия ойын­дарының жеңімпазы, не әлем чемпионы шықпағаны жайында біз жоғарыда айттық. Бұл осы саланы басқаратын азаматтар мен күрес федерациясының басшыларынан бастап, майталман мамандар мен қатардағы қара­пайым бапкерлерге дейін ой салуға тиіс. Байыптап қара­саңыздар, елімізде осы спорт түрінің дамуына барынша жағ­дай жасалып, мемлекет мол көлемде қаржы бөліп, ұлттық ком­паниялар демеушілік көмегін көрсетіп жатыр. Респуб­ликамыздың әр ауданы тұр­мақ, ауылды жерлердің өзінде күрес үйірмелері бар. Соған қа­рамастан нәтиже мәз емес. Жасөспірімдер мен жастар буы­ны арасындағы жарыстарда жасындай жарқыраған балғын балуандардың ересектер дуы­на қосылғанда құмға сіңген су­дай жоқ болып кететіні қын­жыл­тады.

Олимпиада мен әлем чемпионаты дейміз-ау, Азия ойын­дарының өзінде отандық балуандар бір мәрте ғана бас жүл­дені олжалағаны жанға батады. Сонау 1994 жылы Хиросимада Қазақ елінің Әнұраны шыр­қал­ғанын естігенбіз. Содан бері ши­рек ғасырға жуық уақыт өтсе де, алтын асықтай ұлымыз Мәу­лен Мамыровтың ерлігін қай­талауға бірде-бір өреніміздің қарым-қабілеті жететін емес...

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу