Аймақтар • 26 Сәуір, 2018

Петропавл көшелеріне смарт орындықтар орнатылуда

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығының көшелерінде  смарт орындықтар  пайда болды.

Петропавл көшелеріне смарт орындықтар орнатылуда

Құны 1,5 милллион теңге  тұратын орындықтар ұялы телефондарды сымсыз қуаттай алуымен ерекшеленеді.  Ол үшін арнайы қондырғының маңында тегін Wi-Fi жүйесі орнатылған. Енді бұл жерлерді қала тұрғындары демалатын мәдени алаңқайларға айналдыру көзделген.

«Беларусьтің «Branch Bench» фирмасында жасалған  смарт орындықтар күн энергиясы арқылы жұмыс істеуді және гаджеттерге қуат беруді қамтамасыз етеді. Күннен қуат алатын батареялар шынымен қапталған. Әр орындық  екі USB-портпен жабдықталған», дейді Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Асхат Рамазанов.

 Тұрғындар  ұялы телефондарды далада қуаттап, интернетті тегін пайдалану  мүмкіндігін туғызған жаңа технологиялар жетістігінің өңірімізге жеткеніне қуанышты.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Соллтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар