Қазақстан • 26 Сәуір, 2018

Астана медицина университеті жалған IELTS-пен оқуға түскендердің тізімін жариялайды

945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана медицина университеті жалған IELTS сертификатымен оқуға түскен және ЖОО-дан шығарылған студенттердің тізімін жариялайтын болады, деді университет ректоры Мәжит Шайдаров арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Астана медицина университеті жалған IELTS-пен оқуға түскендердің тізімін жариялайды

«ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің комиссиясы жұмысын аяқтай салысымен, біз аталған резиденттерді, докторанттар мен магистранттарды осы залға жинап, тексеру қорытындысы туралы ақпараты жария еттік. Олар аталған сертификаттардың жалған екендігін жақсы білген. Біз олардың ар-ұяттары оянып, өз еріктерімен оқудан шығады деп үміттендік. Өйткені, барлық құжаттардың Ішкі істер департаментіне берілгендігін айттық. Нәтижесінде 33 адам өз еріктерімен оқудан шығып кетті», - деді ол.

Университет басшысының айтуынша, жалған сертификатқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 18 сәуірге дейін 26 іс сотқа жіберілген. Жалпы 117 білім алушының 84-і сертификаттарын түпнұсқа деп санап, өз еріктерімен оқудан шығудан бас тартқан. Дегенмен, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің комиссиясы өз жұмысын аяқтағаннан кейін аталған білім алушылардың барлығы оқудан шығарылды

«Біз сот шешімі шыққандардың тізімін жария етеміз. Олардың аты-жөндерін халыққа жеткізу қажет, адамдар білуі тиіс», - деді Мәжит Шайдаров.

Ректордың айтуынша, университеттің аталған сертификаттарының түпнұсқа екендігін тексеруге процестің қиындығына байланысты мүмкіншілігі жоқ. «Оның үстіне барлық сертификаттарды тексеруімізді міндеттейтін ондай норма жоқ. Сертификаттардың түпнұсқа екендігін сот-техникалық сараптама ғана айқындай алады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар