Қазақстанның белді фармацевтикалық компаниясы 3 бірдей стандарттық сертификатқа ие болды

Еліміздегі жетекші SANTO компаниясы инъекциялық ерітінділерді және инфузияларды өндіретін, қатты пероралды дәрілік заттарды өндіретін өндірістік алаңдарының тиісті өндірістік тәжірибе стандартының (GMP) талаптарына сәйкес келетіндігін, сондай-ақ,  дәріхана қоймасының тиісті дистрибьюторлық тәжірибе стандартына (GDP) сәйкес келетіндігін растайтын маңызды үш сертификатқа ие болды.

Егемен Қазақстан
26.04.2018 1628

 Мұндай сертификаттарға ие болу – SANTO компаниясындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің және өндіріс жағдайларының жоғары стандарттарға жауап беретіндігінің айғағы. Ал бұл өндіріліп жатқан препараттардың сапасына кепілдік береді.

Естеріңізге салсақ, GMP стандарты (Good Manufacturing Practice) дәрі-дәрмек өндірісіне, сапаны бақылауға, құжатнаманы жүргізуге, сондай-ақ, қызметкерлер құрамына, бөлме-жайлар мен жабдыққа арнап жалпы талаптарды белгілейді. GDP (Good Distribution Practice) – шикізатты өндірістік кәсіпорындарға жеткізуден бастап, дайын өнімді ақырғы қолданушыларға жөнелтуге дейінгі жеткізілімнің бүкіл тізбегінде дәрілік заттар айналымымен айналысатын қоймажайлардың және көтерме сауда базаларының сапасын қамтамасыз етуге арналған жүйе.

– Компаниямыздың кезекті бір жетістігін, атап айтқанда, өндірістік алаңдарымызға, соның ішінде қатты пероралды дәрілік заттарды өндіретін жаңа цех пен дәріхана қоймамызға арнап сертификат алғанымызды мақтан тұтамын, – деді SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец. – Бұл – әлбетте, жұдырықтай жұмылған ұжым жұмысының жемісі. Сондай-ақ, бұл – науқастар сапалы әрі тиімді емге қол жеткізе алуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандығымыздың айқын дәлелі. Компания ұсынып отырған препараттар бүгінгі күні кардиология, гастроэнтерология, аллергология, дерматология, неврология, гинекология, урология, педиатрия, офтальмология, пульмонология, оториноларингология сынды сан алуан салаларда кеңінен қолданылып отыр. Сондай-ақ, біз антибиотиктерді де өндіреміз. Біз өз елімізді сүйеміз, әрбір қазақстандықтың саулығы – біздің басты қамымыз!

«Біздің компанияның жаңа сертификаттарға ие болғандығы туралы хабарды зор қуанышпен оқыдым. Біз 6 жылдан аса уақыттан бері Шымкенттегі зауытты жаңғыртуға зор мән беріп келеміз. Біз өндіріс инфрақұрылымы мен жабдығына, бәрінен бұрын, қызметкерлерді әлемдік дәрежедегі стандарттарға сәйкес оқытуға үлкен инвестиция құйдық. SANTO зауыты Орталық Азиядағы ең заманауи зауытқа айналуы үшін кезекті бір нық қадамын басып отыр. Бұл сертификаттар – SANTO ұжымының өз ісіне шын беріліп, ең жоғары стандарттарға сәйкес жұмыс жасай білетіндігінің, терең кәсіпқойлығының айғағы. SANTO компаниясының Қазақстандағы науқастарға тигізіп отырған зор пайдасын  және де жалпы Polpharma компаниясының дамуына қосып отырған ерен үлесін біз ерекше мақтан тұтамыз», – деп атап өтті  Polpharma тобы бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак мырза.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу