26 Сәуір, 2018

Қыздар Университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды. Шара Қазақстан жас ғалым-педагогтарының I республикалық Слетінің қарсаңында пайдалануға беріліп отыр, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз орталығы.

Қыздар Университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды

Арт-галереяның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен жас ғалымдар қатысты.

Мақсат – оқу орнының кәсіби қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен дәріптеу. Арт-галереяда Қыздар Университетінің Кәсіптік білім кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттерінің 20-дан астам картинасы қойылған. «Дара» атауына сәйкес, галереяға қойылған өнер туындылары ортақ идеяға бағынып, бір тақырыпты қаузайды.  Ол –  еліміздегі тек қыздар білім алатын бірден-бір жоғары оқу орнының өзіндік ерекшелігі, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, этнотақырыптар және туған елдің табиғаты. Тек бояу, стиль және жанры әртүрлі.

– Картиналар ілінген қабырғаларға жағалата көз салғаннан-ақ ашық түсті бояулардың жарқын, жайдары табы сезіліп, жаныңнан самал есіп өткендей болады. Көркем әдебиетте кездесетін шымыр оқи­ға, сәтті сюжет, қызықты баян­дау, к­е­лісті ұйқас деп жататын тәсіл­дің бәрі бояу күшімен ке­неп­тің үстіне көшіп алғандай әсер береді. Қы­л­қалам шеберінің жет­кіз­гісі келген идеясы көңіл-күймен ке­ремет сабақтасқан, – дейді шара ұйымдастырушылары.