Аймақтар • 26 Сәуір, 2018

Шымкентте «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты өтуде

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім жарысында Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының колледждерінен қатысып жатқан 123 студент инженерлік, сантехника және жылыту, веб-дизайн, электрмонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, кескіндеме және сәндік жұмыстар, мобильді робототехника сынды 30 мамандық бойынша бақтарын сынамақ. 

Шымкентте «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты өтуде

Жарыс жеңімпаздары маусым айында Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа қатысатын болады. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының  дипломдары мен медальдар тапсырылады.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан чемпионаттың ашылу салтанатына Мәжіліс депутаты Ә.Бектұрғанов бастаған төменгі палата депутаттары, облыс әкімі Ж.Түймебаев, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және Өзбекстан Республикасы мен Жамбыл, Қызылорда облыстарынан делегаттар қатысты.

Жас өнертапқыштар қонақтарға өз еңбектерін таныстырып, жан-жақты мағлұмат берді. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде білім беруді дамыту, соның ішінде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріп отыр. «Қазақстан–2050» стратегиясының негізгі басым міндеті елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады. Облыстағы техникалық және кәсіптік білім саласында Елбасымыздың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында ауқымды шаралар қабылданып және 2017 жылғы қыркүйектен бастап «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы жүзеге асырылуда»,- деді облыс әкімі білім жарысының ашылу салтанатында.

Айта кетелік, былтырғы «WorldSkills Kazahstan -2017» Ұлттық чемпионатында облыстан 9 құзыреттілік бойынша қатысқан студенттердің 1-і алтын медаль, 5-і күміс медаль иеленсе, жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті Ұлыбритания, Жапония, Қытай, ТМД елдері қатысқан «WorldSkills Rossia - 2017» халықаралық чемпионатында ІІІ орынды жеңіп алған болатын.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар