Қыздар Университетінде Қазақстан жас ғалым-педагогтарының республикалық Слеті өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слеті өтті, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз орталығы.

Егемен Қазақстан
26.04.2018 3617

Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар қатысты.

Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слетінің ашылу салтанатында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова министр Ерлан Сағадиевтің құттықтау хатын оқып берді.

– Қымбатты еліміздің жас ғалым-педагогтары, бірінші Республикалық Слеттің қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің атынан және өз атымнан Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слетінің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін ғылым мен білім саласындағы тарихи күн.   Өйткені  еліміздің жас ғалым-педагогтарының тың идеялары мен жаңаша ой-пікірлерін бөлісуі үшін алғаш рет өзара диалог алаңы құрылуда. Тұңғыш рет еліміздің белді жас  ғалым-педагогтары бірігуде. Сондықтан бұл маңызды да ауқымды кездесу болмақ. Қазіргі таңда білім мен ғылымның қарқынды өзгеру заманында еліміздегі жастардың ғылыми әлеуетін арттыру – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақ. Олай болса бүгінгі Слеттің басты мақсаты да – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыдан ойлайтын жас педагог-ғалымдарды біріктіру болып табылады, – делінген құттықтау хатта.

Басқосу барысында Қазақстан жас педагог-ғалымдарының Қауымдастығы құрылды. Қауымдастықты құру 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауы негізінде жасалды. Қауымдастықтың құрылтайшысы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.

– Қауымдастықты құрудағы басты мақсат – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыда ойлай алатын жас педагог-ғалымдарды біріктіру, олардың диалог алаңын құру. Сонымен қатар, білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша жас педагогтардың жүйеленген пікірлерін мүдделі тараптарға жеткізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларымен алмасу, ғылыми-зерттеулер жүргізу және шетелдік жоғары оқу орындары, колледж, мектептердің жас педагог-ғалымдар Халықаралық Қауымдастықтар, одақтар, кеңестермен байланыс орнату да қарастырылған, – дейді Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

Қауымдастыққа мүше ретінде 35 жасқа дейінгі жоғары білім беру жүйесінде қызмет ететін, педагогика саласында ғылыми зерттеу тәжірибесі бар оқытушылар тіркеле алады.

Сонымен қатар, шара барысында Латын әліпбиін үйрету орталығында шеберлік класы, «Ақтұмар» мұражайы: тарих беттерінен» тақырыбындағы көрме және «Көркем галерея: оқытудағы шабыт» атты кескіндеме және гобелен бойынша шеберлік класын өткізілді. Сондай-ақ, Кешенді химия-биология ғылыми зерттеу орталығы, «Жаңартылған энергия көздері» зертханасы мен Психология-педагогикалық түзету кабинетінде Қыздар Университетінің ғылыми зерттеу жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Оқу орнының жас ғалымдарының Физика, IT, География, Филология, Хореография салалары бойынша шеберлік кластары да ұйымдастырылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу