Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Шәмші әлемінің шежіресі

857 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шәмші шығармашылығы бүгінде ұлттық рухани мұрамыз­дың ажырамас бөлігіне айнал­ған. Қаламынан сырлы да саз­ды әуендер қағазға түскен ком­позитор шығармашылығы әлі де зерттеуді қажет ететін өз­ге­ше бір әлем. Жақында «Рухани жаң­ғы­­ру» бағдарламасы аясында «Arna-b» баспасынан жарық көр­­ген «Шәм­ші Қалдаяқов» фо­то­альбом-кіта­бы композитор шы­­ғар­машы­лығын, өмірін жаңа бір қырынан танытқандай. 

Шәмші әлемінің шежіресі

Ұлттық кітапханада өткен кітап­тың тұсаукесеріне жинал­ған қауым Шәмші өмірінен сыр шертті. Жобаның авторы ком­позитор шығармашылығын зерт­теу­ші, композитор Қ.Құрманәлі фо­то­альбомның тарихынан бір­қа­тар деректерді ортаға сал­ды. Ал қоғам қайраткері А.Тша­нов есімі композитордың өне­рі­­не жанашыр, қамқор жандар қа­тарынан аталады. Кезінде Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қа­зақстаным» фестивалінің өтуіне мұрындық болған қоғам қай­раткері сол бір жылдардың ес­телігін парақтап, Шәмші мұ­расының ұрпаққа мирас болып қала­тындығын атап өтті. 

«Ауыл кешінде алыстан ман­­долинмен үндесіп құлақ­қа үзіліп жететін сол бір әуенге ын­тық болмаған жан кем­де-кем. Мені Шәмшіге жақын­дас­тырған «Жеңеше-ай» әні бола­тын» деп еске алды ҰҒА ака­демигі, Ө.Айтбайұлы. – Бү­гінде ел арасына кеңінен та­ра­ған Шәмшінің сыршыл да кө­ркем әуезді әндері біздің сол бір жастық кездеріміздің куә­сіндей. Шәмшімен қатар жүр­дік, шығармашылығы да көз ал­ды­мызда өтті. Оның өміршең әнд­ері әлі де жасай береді». 

Ауқымды жинақ жеті бөлім­ге жіктеліпті. «Менің Қазақ­станым» деп аталатын алғашқы бө­лім композитордың Отанға де­ген сүйіспеншілігі, туған өл­ке туралы әндеріне арналған. Ал екінші бөлім – «Өмір-өзен». Бө­лімде композитор өмі­рі­нің әр кезеңдерін қамтыған фо­то­ше­жіре бар. «Сол бір кез есім­де...» деп аталатын бөлімде ком­­позитор туралы естеліктер жи­­­нақталса, әрі қарай жал­ға­­сын тапқан «Шәмшінің әні»,«Сарғайған суреттер сы­ры», «Аманат», «Шәмші-мұ­ра» бөлімдерінде оқырманын бей-жай қалдырмайтын әсерлі сәттер топтастырылған. 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ