Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

1 мамырда Астанада велошеру өтеді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 мамырда Астанада Қазақ­с­тан халқының бірлігі күніне орай «Достық шеруі» атты ве­лоше­ру өтеді. Жарыс сағат 13:00-де «Бәйтерек» мону­ментінің алдындағы алаңда бас­талады, қатысушыларды тір­кеу сағат 11.00-де өткізіледі. Мар­шруттың ұзындығы – 4100 м. Велошеруге қатысушылар Ас­тананың сол жағалауымен жү­ріп өтеді. Спорттық іс-ша­ра Астананың 20 жылдығы жә­не «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асы­рылады. 

1 мамырда Астанада велошеру өтеді

Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спорт­­шылар, этномәдени бір­лес­тіктердің өкілдері, сон­дай-ақ 12-ден асқан елорда тұр­­ғындары мен қонақтары қа­ты­сады. 

Мұнымен қоса, велошеру­ге «Астана» Президенттік клу­­бының «Astana Pro Team» кә­сіп­қой командасының өкілі Дмит­рий Груздев те шақы­рыл­ды. Спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, сондай-ақ жеке жарыста Азияның екі дүр­кін чемпионы болып табылады. 

Айта кетейік, алаңда вело­сипедтерді жалға беру ұйым­дас­тырылады, құны – 500-1000 теңге. 

Жарыс алдында концерт­тік бағдарлама өтеді, әр қа­ты­сушыға энергия мен жақ­сы көңіл күй сыйлайтын спорт­тық жаттығулар жасалады. Вело­шеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.