Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Ұлттық экономика министрінің қос орынбасары тағайындалды

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа орынбасарларын таныстырды. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз хатшысы Самал Ибраева Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

Ұлттық экономика министрінің қос орынбасары тағайындалды

«Оларды таныстыра келіп, Тимур Сүлейменов Мәдина Жүнісбекованың алдында мемлекеттік органдар мен жобалық басқарудағы стратегиялық жоспарлау мен талдау, әлеуметтік саясат және даму мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұрғандығын баяндады. Өз кезегінде, Дана Жүнісованың алдында халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұр» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жазбада министрдің жаңа орынбасарларының жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін пайдаланатындығына сенім білдіргені айтылған. «Жаңадан тағайындалған вице-министрлер Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова басшылыққа сенімі үшін алғыс айтты және ел дамуы жолында алда жемісті жұмыс жасауға әзірлігін білдірді», - деп жазады ҰЭМ баспасөз хатшысы.

Жүнісова Дана Бейсенқызы 1985 жылғы 30 мамырда туған.

2006 жылы  Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бухгалтерлік есеп департаментінің бас маманы.

2007 жылғы маусымнан 2008 жылғы тамызға дейін «Астана-Финанс» АҚ Корпоративтік сатылымдар бөлімінің менеджері.

2008 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қаңтарға дейін «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы» АҚ Маркетинг және имидждік жобалар департаментінің директоры.

2012 жылғы маусымнан қарашаға дейін - «Құлагер» ҚК» ЖШС Жобаларды басқару департаментінің менеджері.

2013 жылғы мамырдан 2016 жылғы мамырға дейін - «Атамекен»  ҰКП Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаментінің директоры, Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің директоры, Экономикалық интеграция департаментінің атқарушы директоры - директор.

2016 жылғы мамырдан 2018 жылғы сәуірге дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары болған.

2018 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды.

 

Жүнісбекова Мәдина Серікқызы 1987 жылы туған.

2009 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін менеджер бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы Париж І Пантеон-Сорбонна университетін экономика магистрі және 2011 жылы Пантеон-Ассас Университетін менеджмент және басқару магистрі мамандығы бойынша аяқтады.

2010 жылдан - «Халықаралық актуарлық орталық» ЖШС қаржылық талдаушысы.

2012 жылғы қаңтардан наурызға дейін - «SKB-Group-Audit» ЖШС менеджері.

2012 жылғы наурыздан қазанға дейін - «AMUN Capital Advisors KZ» ЖШС қаржылық талдау жөніндегі аға маманы.

2012 жылғы қазаннан 2014 жылғы сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығы инспекторы.

2014 жылғы сәуірден маусымға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2014 жылғы маусымнан 2018 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі 2018 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.