Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Астананың сол жағалауында жол жабылады

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың сол жағалауындағы «Шұбар» шағын ауданында көшелер жабылады, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі. 

Астананың сол жағалауында жол жабылады

«Қазіргі таңда мердігер ұйымдар «Шұбар» шағын ауданындағы жылумен қамтамасыз ету магистраліндегі ақауды жөндеп жатыр. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары 27 сәуір сағат 15.00-ден 30 сәуірге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты, Арай көшесінің Сарайшық көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскесінде автокөліктер үшін қозғалыс толықтай шектеледі», - делінген полицияның хабарламасында. Осыған орай, жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуды және көшенің баламалы учаскелерін (Ғарышкерлер көшесі, Ермеков көшесі, Тайбеков көшесі және т.б.) қолдануды сұрайды.