Технология • 27 Сәуір, 2018

Gmail толығымен жаңартылды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Google корпорациясы 2011 жылдан бері алғаш рет 11 миллиардтан астам адам қолданатын әлемдегі ең танымал пошта қызметін жаңартты. 

Gmail толығымен жаңартылды

Өзгерістер тек хаттарды қолдануды жеңілдетсе, кейбір қызметтер тек ағылшынтілді нұсқада қолжетімді. 

Gmail веб-нұсқасында жаңартылған қызметтерді үстіңгі оң жақтағы мәзірден "Gmail-дің жаңа нұсқасын қолданып көру" дегенді таңдау арқылы іске қосуға болады. 

Ең ерекше жаңалық - хат жазу кезінде құпиялылық режімін қосу. Яғни, бұл жағдайда сіз жіберген хатты алған адам оны басқа адамға жібере алмайды және хатты қағазға шығарып, жүктеп алуына да жол жоқ. Тек скриншот жасап, компьютер экранын фотоға түсіру арқылы ғана сақтауға болады. Сонымен қатар хатты жіберген адам оның жарамдылық мерзімін де бекіте алады. Белгіленген уақыт өткен соң хатты алушы оны қайта аша алмайды. 

Тағы бір ерекше өзгерістердің бірі - суреттер мен құжаттар жіберілген жағдайда, оны хатқа кірмей көру мүмкіндігі пайда болды.