Картасыз ақша алып, карта номерінсіз аударым жасауға болады

Жаңа заманауи технология қарыштап дамыған сайын, адам жанына қажеттінің барлығы қолданысымызға енуде. Бүгінде бірер ай бұрынғы жаңалықтың өзі кейінге ысырылып, одан да оңтайлысы, ыңғайлысы адамзат игілігіне ұсынылады. Банк картасын үйге ұмытып кетсеңіз немесе жақыныңызға ақша аудару керек болған кезде, оның карта номерін білмесеңіз не істеуге болады? ForteBank ұсынған жаңа қызметтер тобы қолданушыларын бұл тығырықтан оңай әрі тез құтқара алады.

Егемен Қазақстан
27.04.2018 12589
2

ForteBank-тың Астанадағы бас кеңсесінде алғаш рет ForteDay шарасы ұйымдастырылды. Басқосу барысында ForteBank жаңа қызмет түрлері мен өнімдерін таныстырды. Таныстырылым банктің Youtube, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында онлайн трансляция арқылы көрсетілді. ForteDay шарасында 2017 жылғы банк қорытындылары мен статистикасы, банктің алғашқы үш жылдағы өсім көрсеткіштері, банк қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар туралы айтылды. ForteDay “Sa’lem jiberemiz” тақырыбында өтті.

Бүгінде 65 мыңнан астам компаниямен жұмыс істейтін ForteBank былтыр қазақстандық үздік банктердің бестігіне кіріп, Лондондағы “The Banker” журналының шешімі бойынша “Қазақстандағы үздік банк” номинациясын жеңіп алған болатын. Ал биыл ForteBank “Global Finance” журналының қорытындысы бойынша “Қазақстандағы үздік банк” атанды.

CreditCard: 55 күндік пайызсыз несие

ForteBank уақыт өткен сайын тұтынушыларына жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынуда. Солардың бірі – 3 миллион теңгеге дейін несие алуға болатын CreditCard несиелік картасы. Пайызсыз несие дегенді естуіңіз бар ма? Нарықтық экономика заманында үстемесіз несиенің болуы мүмкін емес сияқты. Алайда, ForteBank тұтынушысы CreditCard несиелік картасының көмегімен алған несиені 55 күннің ішінде пайызсыз қайтару мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, карта арқылы жұмсалған қаражаттың 15 пайызы кэшбек түрінде карта иесіне қайтарылады. Сash-Back дегеніміз – тауар немесе қызметтерді картамен төлегенде өз саудаңыз үшін алатын шынайы ақша. Демек, сіз CreditCard-пен есептескен жағдайда, жұмсалған соманың бір бөлігі картаңызға кері қайтарылады. Ағымдағы жылдың сәуір айының өзінде 97 миллион кэшбек ForteBank тұтынушыларына қайтарылған.

CreditCard-тың тағы бір артықшылығы – абоненттік төлемді талап етпейді және қарызды өтеудің ең төменгі мөлшерлемесі небәрі 1 пайызды құрайды. Басқа банктермен салыстырғанда банк мөлшерлемесі 5 есеге төмен екенін ескерсек, бұл тұтынушылар үшін ұтымды болмақ.

MultiCard: саяхат кезінде 5 валютаны қатар басқарыңыз

Көп адамдар шетелге саяхат кезінде қаражатын қандай валютада сақтау керек екенін білмей жатады. Қолма-қол ақша ұстау қауіпті деп ойлайтындар бар. Мұндай жандарға MultiCard атты саяхатшы картасы көмекші бола алады. MultiCard-тың көмегімен тұтынушы бірден бес валютаны қатар басқара алады. Сондай-ақ, ForteBank тұтынушылары әлемнің кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша шешіп алу мүмкіндігіне ие. Саяхатшылар көп жағдайда сақтандыруды артық шығын санап, бас тартып жатады. Алайда, шетелде қаржылық сақтандыру қажет-ақ, Осы орайда MultiCard тегін сақтандыру пакетін картамен бірге ұсынады.

Саяхатшыларға арналған ForteTravel қызметі тұтынушыларға авиабилеттер мен теміржол билеттерін, автомобильді жалға алу, оған қоса қонақ үй жалдау сияқты сервис түрлерін тиімді тәсілмен пайдалануға көмектеседі. Аталған қызмет түрі ұзақ уақыт алмайды және әрбір жасалған қызмет үшін банк 4 пайызға дейін кэшбек қайтаруға дайын.

Бірнеше банк картасын бір қосымшамен басқаруға болады

Сізде бірнеше банк картасы бар. Оларды онлайн басқару үшін жеке-жеке мобильді бағдарламасын жазып алу керек. Ал ForteBank-тің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше банк картасын қатар басқаруға болады.

ForteBank-тің қоысмшасы былтыр “Үздік мобильді қосымша” атанды. Интернет банкинг пен мобильді қосымшаның басқа банк қосымшаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, ForteBank мобильді қосымшасын тек ForteBank картасының тұтынушылары ғана емес, Қазақстанның басқа да банктерінің тұтынушылары тегін қолдана алады. Бұл мәселеге келгенде ForteBank ашық банк қызметін қолданады. Сіз бір мобильді қосымша арқылы бірнеше банк картасын тіркеп, қажетті қызметтерді оңай әрі тиімді пайдалана аласыз.

Телефон номері арқылы аударым жасау

Жақыныңызға немесе танысыңызға шұғыл түрде ақша аудару керек. Алайда, сіздің де, оның да қолында банк картасы мен номері жоқ. Мұндай тығырықтан қалай шығуға болады? ForteBank-тің FortePay деп аталатын жаңа қызмет түрі бұл мәселенің де оңай шешімін ұсынады.

FortePay қызметі арқылы қаражат аударғыңыз келетін тұлғаның телефон номері арқылы ғана, басқа қосымша ақпаратсыз-ақ ақша аударымын жасай аласыз. Аударылған қаражатты тұтынушы өзінің қалаған картасына немесі шотына аударып ала алады.

Картасыз-ақ ақша шешіп алуға болады

Банк картасын үйге ұмытып кетсеңіз немесе жақыныңызға беріп қойсаңыз, банкомат картаңызды жұтып қойса, алайда шұғыл түрде ақша алу керек болса не істеу керек? Тіпті, картаңызды қайда қойғаныңызды ұмытып қалған жағдайлар да кездеседі. Мұндайда    ForteBank-тің кез келген банкоматында қолжетімді Cash by code функциясын қолдануға болады.

Қолыңызда картаңыз болмаған күннің өзінде қазақстандықтар банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы банкоматтан ақша шешіп ала алады. Ол үшін картасыз ақша алу қызметі сізге арнайы СМС-код жібереді. Сол кодтың көмегімен ForteBank-тің кез келген банкоматынан банк картасындағы қаражатыңызды шешіп ала аласыз.

ForteDay жаңа өнім, жаңа қызмет, жаңа мүмкіндікке жол ашты. Жалпы, қазіргі таңда ForteBank-тің мобильді қосымшасында 350-ден астам қызмет түрі қолжетімді. Мұнда ай сайын 1769751 транзакция жасалады. Банк қызметкерлері тұтынушылардың қауіпсіздігі мен ақпартқа қолжетімділігін қамтамысз ету мақсатында түрлі қызметтер мен өнімдер жасап жатыр. Жақында ғана өткен ForteDay таныстырылым шарасы көпшілікке беймәлім қызмет түрлері туралы толық ақпарат берді. Банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили биыл алғаш рет өтіп отырған ForteDay шарасын жылына екі рет өткізуді жоспарлап отырғандарын және бұл шарада жаңа қызметтер мен өнімдерді таныстыруды дәстүрге айналдыратындарын айтты.

Арнұр Асқар,

"Егемен Қазақстан" 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу