Қазақстан • 29 Сәуір, 2018

Нұрлан Орынбасарұлы Жапония үкіметінің орденімен марапатталмақ

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 сәуірде Жапония үкіметі 2018 жылдың көктемінде орденмен марапатталатын шетел азаматтарының тізімін жариялады. Орден иегерлерінің ішінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшесі Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков бар. Бұл туралы Қазақстандағы Жапон елшілігі хабарлады.

Нұрлан Орынбасарұлы Жапония үкіметінің орденімен марапатталмақ

Екі халықтың арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін «Күншығыс елі, гүлөрнекті Алтын шуақ» ордені беріліп отыр. Аталған орден Жапон императорының бұйрығымен Жапониямен достық қарым-қатынастарда көрнекті үлес қосқан шетел азаматтарына беріледі.

Нұрлан Орынбасарұлы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Заң ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. 150-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. Ғылыми-педагогикалық тәжірибелерді Англияда, Бельгияда, Түркияда, Испанияда, Малайзияда және Жапонияда өткізген. «Достық» (II дәрежелі) орденінің кавалері.