Ардагерлер Елбасы Үндеуін белсене насихаттауда

Астанада «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбымен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің IV пленумы өтті.

Егемен Қазақстан
30.04.2018 7324
2

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» қолдауды көздеген басқосуға өңірлердегі Ардагерлер кеңесінің басшылары, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қа­тыс­ты. Жиынды жүргізген «Арда­гер­лер ұйымы» орталық ке­ңе­сінің төрағасы Бақтықожа Ізмұ­хамбетов ең алдымен Елбасы Үндеуін қолдаған ардагерлердің хатын оқыды.

«­Бес әлеуметтік бастама» – елі­мізге жаңа серпін беретін ауқым­ды қадам. Онда көтерілген мә­селелер ұрпағымызға жарқын болашақ, тыныш өмір сыйлауға бағытталған. Президент Үндеуі ардагерлер тарапынан да қолдау табуда. Оған өңірлердегі ардагерлер кеңесінен орталық кеңес аппаратына келіп түскен хаттар дәлел», деді Б.Ізмұхамбетов.

Басқосуда сөз алған Шығыс Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Сейітұлы ақсақалдардың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірде жасалып жатқан игі істерге тоқталып, ендігі міндет Үндеуге белсене үн қосу екенін жеткізді. «Біз ШҚО ардагерлері Президент бас­тамасын Қазақстанның әлеу­меттік мемлекет ретіндегі кон­ституциялық нормаларын жа­ңа мазмұнмен байытқан аса ма­ңызды саяси құжат деп баға­лай­мыз. Бұл – барлық қазақ­стандықтарға, соның ішінде ел болашағы жастарға қамқорлық көр­сету жолындағы нақты істер бағдарламасы», деді ол.

«Ардагерлер ұйымы» орта­лық кеңесі жанында мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құ­рыл­ған жұмыс топтары өңір­лер­де Президенттің «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жа­ңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жол­дауын ел арасында насихат­тап, өз тәжірибелерімен бө­лі­сіп, белсенді түрде атсалысып келе жатқанын айтқан Бақ­ты­қо­жа Ізмұхамбетов «Бес әлеу­меттік бастаманы» да түсін­діру жұмысы басталғанын жет­кізді. «Орталық кеңес аппа­ра­тының ұйымдастыруымен бар­лық облыстардағы белсенді ардагерлер өңірлерді аралап Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасын түсіндіру жұмыс­та­рын бастап кетті. Олар Үндеу­ге сай баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүк­те­месін азайту, жоғары білім алудың мүмкіндігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді кө­бейту, елді газбен қамтамасыз ету мәселелерін тұрғындарға жет­кізуде», деді Ардагерлер ұйы­мының басшысы.

Пленум соңында «Ардагерлер ұйымының» «Президенттің бес әлеу­меттік бастамасын» халық ара­сында түсіндіру жұмыстарын жал­ғастыру және Елбасы бас­тамасының тиімді және толық жүзеге асырылуын қадағалауға арналған қаулысы қабылданды. Сон­дай-ақ аймақтағы бел­сенді ардагерлер арнайы сыйлық­тар­мен марапатталды. Атап айтқанда, Қызылорда облысы Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбановқа «Ардагерлер ұйымы» рес­публикалық қоғамдық бір­лестігі орталық кеңесінің Құр­мет кітабына енгізілгені туралы куәлік табысталса, орталық ке­ңестің тұрақты комиссиясының төр­ағасы, генерал-майор Марат Нағмановқа «Құрмет» төсбелгісі бе­рілді. Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мү­шесі Кенже Кеңесбаев, орта­лық кеңес төралқасының мүшесі, ғылым докторы Бекет Тұрғараев «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Осы сияқты өңірдегі 126 ақсақал арнайы сыйлықтарға ие болды.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Бақытжан Теңізбаев

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу