Партиялық жобалар ел игілігіне айналуы тиіс

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия қызметін жаңғырту жұмыстарына байланысты кеңейтілген отырыс өткізді. Партияның Орталық аппаратында ұйымдастырылған жиынға ұйымның облыстық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы және үкіметтік емес ұйым мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Егемен Қазақстан
30.04.2018 6891
2

Отырыста М.Әшімбаев Ел­­­­ба­сының партия қызметін жаң­­­ғырту жөніндегі тапсырмасы бойынша қолға алынған пар­тиялық жобаларға кеңінен тоқталды.

Айта кетейік, партия жұ­мысын тыңғылықты сарап­тау­дың және халық тарапынан келіп түскен ұсыныстардың нә­­­­­ти­жесінде 20-дан астам пар­тиялық жоба дайындалды. Олар­дың қатарында жұмысы қайта жандандырылған «Ар­дагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» атты екі жоба да бар.

Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бі­рін­ші орынбасары аталған тың бас­тамалардың басым бағыт­тарын сөз етті. Оның айтуынша, жаңа партиялық жобалар ұйымға деген сенімді күшейтуге, еліміздегі стратегиялық бағ­дарламалық құжаттарды жү­зеге асыруға жүйелі түрде қа­тысуға, білікті кадрлар тобын қалыптастыруға және партия қызметін жаңғыртып, оның жұмы­сына заманауи технология­ларды қолдануға бағытталған.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары жаңа жобалардың барлығы Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі нақты тапсырмасы бойынша дайындалғанын атап өтті. Соның нәтижесінде алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясында алғаш рет жобалық менеджмент тә­жірибесі қолданылмақ. Бұл тә­жірибенің әлемдік дең­гейде аясы кең. Сол арқылы партияның Ор­­талық аппараты мен барлық фи­лиалдарының жұмысы жүйе­ленетін болады. Өз сөзінде М.Әшімбаев нұр­отандықтар атал­ған бастамаларды дереу жү­зе­ге асырып қана қоймай, көп ұзамай олардың нәтижесін де көрсетуі керектігін айтты. Сон­дай-ақ «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бі­рінші орынба­сары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаларға да ерекше назар аударды.

Жиында шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бастамаларды жүзеге асырудың тиімді тетіктері де сөз болды. Атап айтқанда, «Нұр Отан» Бірыңғай геоақпараттық он­лайн-қызмет көрсететін портал құруды жоспарлап отыр. Сол арқылы қазақстандық кә­сіпкерлер сатылатын немесе жалға берілетін коммерциялық мақсаттағы жер телімдері туралы жан-жақты мәліметтерге қол жеткізбек.

Мектеп асханалары мен спорт алаңдарының жұмысы да пар­­тия назарынан тыс қалған жоқ. Сондықтан жаңа партиялық жобалар арқылы бұл әлеуметтік нысандардың да жұмысы жанданып, заман талабына сай қызмет көрсетпек. Партияның бастамасымен «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында еліміздегі кітапханалар зама­науи білім орталығы ре­тінде қайта құрылып, кітап қо­рының электронды нұсқалары дайындалатынын да атап өткен жөн.

Отырыста партия хатшысы Тамара Дүйсенова аталған жо­баларды жүзеге асырудың бір­ыңғай алгоритмі туралы айт­ты. Партиялық жобалар «Циф­р­лы Қазақстан», «Рухани жаң­ғыру» сияқты маңызды бағ­дарламаларды жүзеге асы­руға және шағын және орта биз­несті қолдауға бағытталған. Соған орай партия мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» ҰКП және үкіметтік емес ұйымдармен бір­лесіп жұмыс істемек.

Жиын барысында «Тегін 1000 ІТ-сынып» партиялық жобасын жүзеге асырудың тиімді тетіктері, осы жоба аясында жылына 150 мың қазақстандық мектеп оқушысы еуропалық білім беру тәсілімен бағдарламалау мен робот техникасының негіз­дерін үйренетіні, сондай-ақ ІТ-орталықтар базасында жылына 35 мың қазақстандық ақпараттық технология саласында білім алып, әлемдік нарықта жұмыс істеуге мүмкіндік алатыны айтылды.

Жиында өңірлерден келген өкілдер де сөз алып, жаңа бас­­тамалардың шын мәнінде ая­сы кең екенін, сондықтан күш бірік­тіріп жұмыс істеу ке­ректігін сөз етті.

Шара соңында М.Әшімбаев барша мемлекеттік және жер­­гілікті атқарушы орган өкіл­дері­нің назарын жаңа жобалар­ды жүзеге асырудың басым ба­ғы­т­тарына аударды. Сондай-ақ ол барша нұротандықтарға Ел­басы айқындап берген мін­деттерді абыроймен орындап, көздеген мақсаттарға қол жет­кізу үшін тынбай еңбек ету керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу