Қазақстан • 03 Мамыр, 2018

«Қазығұрттың басында кеме қалған...» (тарих)

23378 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ла­сының аясында жасалған Қазақстанның киелі орын­дарының географиясына «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері» жо­басына Қазығұрт тауының енгізілгені құптарлық іс. 

«Қазығұрттың басында кеме қалған...» (тарих)

Мұндай бас­­тамалардың жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, са­лт-дәстүрлерімізді жалғастыруда, ата тарихымызды қас­терл­еу­де, ана тіліміздің қадірін білуде маңызы орасан зор.

Қазығұрт туралы жазған қа­лам­­­герлеріміз «Қазығұрт – адам­зат­тың бесігі» деген сөз тір­кес­терін жиі қолданатын болып жүр. Әлбетте, адамзат тарихын зерт­теген оқымыстылардың көп­ші­лігі «Азия – адамзат бесігі» деп тия­нақ шығарғаны бекер емес. XX ға­сырдың басында Орта Азия­­да бол­ған француз ғалымы Джозеф Кас­таньенің жазбаларына қара­ған­да, Сырдария бойындағы Қор­қыт ата мазарына жақын жерде Адам ата­ның мазары болған, оны ХIX ғасырдың орта шенінде су шайып кеткен.

Қазығұрт туралы «Қазығұрттың ба­сында кеме қалған, ол әулие бол­ма­са, неге қалған?..», деп бас­та­латын жырдың бар екенін кім біл­мейді? Осы Қазығұрт тауына бай­ланысты болуы мүмкін бір тосын деректі араб оқымыстысының ең­бегінен кездестірдік.

738 – 819 (не 821) жылдары өмір сүрген мұсылман тарихының біл­гірі, оқымысты Хишам ибн Мухаммад ал-Калби «Китаб ал-Аснам» («Пұттар туралы кітап») де­ген еңбегінде былай деп жазып­ты: «Пұттарға табыну Адам ға­лай­ки-с-салам қайтыс болғанда бас­талған, Шиш ибн Адамның бала­ла­ры (Адам атаның немерелері,  – Н.Б) оны Хинд өлкесіндегі тауға жер­ле­ді. Тау Науз деп аталады және ол жер бетіндегі ең құнарлы тау».

Географиялық карталардан байқалып тұрғандай, Гиндукуш (Хинд) тауларының сілемдері Памир тауына ұласып, оның ше­ті қазіргі Қазығұртқа тіреледі. Кітап­тың түсіндірмелерінде жоға­рыда атал­ған тау Рахун таулары, кейде Нуд деп аталатыны жазылып, үш түр­­лі: Науд, Науз, Бауз жазылымы (орфо­графиясы) бар екендігіне сіл­те­ме жасалған. Орта ғасырларда араб тіліндегі кітаптар қолжазбадан қолжазбаға көшірілгенін еске алсақ, Науз дегені Бауз болып та таң­баланғанын, сондай-ақ араб тілінде н, б, х әріптері сөз ба­сын­­да ұқсас екенін еске алсақ, бұл атау түпнұсқада Һауз (Хауз) бо­­лып қалу ықтимал деген ой кел­мей қоймайды. Сонда араб та­рих­шысының айтып отырғаны Қа­зығұрт (Һаузқұрт) тауы болып шы­ғады.

Тағы бір Джозеф, англиялық атақ­ты ғалым (ұлты – шотланд) Джозеф Фрезер (1854-1941) өзінің он екі томдық әйгілі «Алтын тамыр» деген зерттеу еңбегінде жер-жаһанды су басқанда Нұх пай­­ғамбар кемесіне он сегіз мың ға­ламнан – жануарлар мен өсім­дік­терді жұп-жұптан салып ал­ға­нын, сон­дай-ақ кемеде адамзатынан Нұх пайғамбар және әйелі, үш ұлы және үш келіні болғанын жазады. Кемедегі олардың бөлмесінің орта­сына Адам атаның сүйегі салын­ған биік табыт орналастырылып (ас­тын сызған, – Н.Б.), ол ер кісілер мен әйелдерді бөліп тұрған.

Киелі кітаптардағы деректер­ге қарағанда, Нұх пайғамбар Адам атаның тоғызыншы ұрпа­ғы. Адам атаның жаралған кү­ні мен Нұх пайғамбардың туыл­ған күнінің арасы 1056 жыл. Оқымыс­ты­лар­дың зерттеулерінде бұл сан бір­келкі емес. Тіпті тым алшақ бо­лып ке­тетіні де бар. Сондай-ақ Адам ата­ның жаралған күні тура­лы мә­ліметтер де әртүрлі. Ға­лым­дар­дың көпшілігі 6100 жылдың төңі­ре­-
г­інде деп топшылайды.

Нұх пайғамбардың кемесіне қай­та оралайық. Хишам ибн Муха­ммад ал-Калби айтқан Науз Қазығұрт тауы болса, кеме осы жер­де жасалған болып шығады. Оған дәлел топан су басталғанда Нұх пайғамбар Қазығұртта жерлен­ген Адам атаның сүйегін кемеге салып алғаны болып тұр.

Енді кемеге байланысты үш сөз­ге көңіл бұрайық. Кеме гофер де­ген ағаштан жасалыпты. Мұның ас­та­рынан көпір сөзінің (ағаш кө­пір) түпкі тегі қылаң береді. Нұх пай­ғамбар «су қайтқан жер бар ма екен» деп қарғаны барлауға жі­береді. Қарға су қайтқан бір жер­дегі өлексені жеп қайтпай қоя­ды. Қазақша айтқанда, бұл құс қарғалған құс болып тұр. Со­сын Нұх пайғамбар көгершінді жі­бе­реді. Көгершін жер бетіне шы­ғып бір көктеп тұрған ағаштың (зәй­түн ағашының) жапырағын аузына тістеп алып келеді. Сөйтіп  жапырақ тістеген көгершін әлем ха­лықтарында бейбітшіліктің бел­гісі болып қалғаны белгілі. Осы жерде көгершін сөзінің шығу те­гі менмұндалайды. Көгершін көк (көгерген, көгеріп көрінген) жа­пы­рақты алып келген құс. Шін, үн­дес­тік заңы бойынша шын жұр­нағымен жа­салған құс атау­лары түркі ті­лін­де кездеседі – қазақ тілінде: ла­шын (құс), қырғыз тілінде: барчын (бүркіттер тобындағы құс). Сөз орайы келгенде қосымшалап қоя­йық, «Алпамыс» жырындағы Ал­памыстың жары Гүлбаршынның бар­шыны осы құс. Ана тіліміздегі осын­дай сөздер қазақ тілінің көне за­­мандардан бері келе жатқан ба-
й­ыр­ғы тіл екендігін айғақтап тұр.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

журналист

Қырғыз Республикасы,

Бішкек қаласы