Аймақтар • 04 Мамыр, 2018

Алматыдағы Жамбыл атын­дағы кітапхана заманға сай жаңартылды

1289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атын­дағы кітапхана жас­тардың зияткерлік орта­лы­ғы ретінде қайта жаса­лып, жаңартылды. Күр­делі жөндеуден өткен кі­тап­ханада кітаптармен, элек­тронды ақпаратпен жұ­мыс  істеуге, жаңа шы­ғармаларды таныс­ты­руға, құжатты және ғылыми- та­нымдық фильмдерді кө­руге мүмкіндік беретін за­манауи «open space» бөлмесі жә­не тегін «Wi-fi»  мен кофехана бар.

Алматыдағы Жамбыл атын­дағы кітапхана заманға сай жаңартылды

«Мемлекет басшысы атап өткендей, «Жаңа гуманитарлық білімнің» алғашқы оқулық­та­рын таныстыруда заманауи ұлт бәсекелестігінің басты шарт­та­рының бірі – жас ұрпақтың білімділігі. Президенттің «Қа­зақстан-2050 Стратегиясын қол­дау» қоғамдық қоры­ның қаржылық көмегі арқа­сын­да білім мекемелерін жаң­ғыр­тудың жаңа тәсілі жүзеге асты. Жобаға қатысқан алма­ты­лық жастар классикалық кі­тап­хананы жастардың коворкинг орталығымен ойдағыдай үндестіре білді», деп атап өтті қала әкімі Бауыржан Байбек.

Жаңарған интерьермен қоса «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасына сай кітапхананың барлық кітап қоры саналып, электронды форматқа көшеді. Бұлардан өзге, қайта жаңғырған Жамбыл атындағы кітапхана жалпы кітап қоры 1,8 миллион дана болатын қаланың бірегей кітапхана жүйесіне енді.
«Мұнда оқырман қажетті ақпаратты алып қана қоймай, өз пікірімен бөлісіп, оны талқылай алады. Біз кеңістікті заманауи және жайлы жасауға тырыстық. Бұл оқырмандарға қолайлы жағдай туғызады», дейді жоба ұйымдастырушылары.

Эльвира Серікқызы,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ