Өнер • 04 Мамыр, 2018

Оң­түс­тік Қазақстан өнер­­паз­да­ры қазақ өнерін шетелдерде дәріптеді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропадағы Босния және Герцеговинаның Зеница, Са­ра­ево, Мос­тар, Чер­но­го­рия­ның Це­тинье, Алба­нияның Тирана, Ма­­ке­донияның Гостивар, Бол­га­рия­­­ның Пловдив және София қа­­­ла­ларының тұрғын­да­ры нау­­рыз-сәуір айла­рын­да Оң­түс­тік Қазақстан өнер­­паз­да­ры­ның өнерін тама­ша­­лады. 

Оң­түс­тік Қазақстан өнер­­паз­да­ры қазақ өнерін шетелдерде дәріптеді

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ма­қа­ла­сы аясында ТҮРКСОЙ ұйы­мы­ның ұйым­дас­тыруымен Ш.Қал­дая­қов атын­дағы об­лыс­тық фи­лар­мо­ния­ның әр­тістері мен ха­лық­аралық би байқауларында жүлделі орын­дарға ие болып жүрген «Қа­зы­на» би ансамблі және түр­кіс­тандық «Семсер» тобы Еуропа мен Азияның 9 мемлекетінде 22 концерт қойды. Ал об­лыс­­тық опера және балет те­атрының солистері мен мә­де­ниет және халық шығар­ма­­шылығының әртістері Фин­лян­дия, Швеция, Эстония елдерінде өнер көрсетті. Со­нымен қатар өнерпаздар Түркия елінде наурыз айында өткен «Кастамону – Түркі әле­мінің мәдени астанасы» жы­лының ашылу салтанатына облыс әкімінің қолдауымен ба­рып қайтқан. Оңтүстік өнер­паз­дары «Сарыарқа» әнімен Кас­тамону көгін тербетсе, «Бабалар рухы» әні­мен ел на­мысын ту ете асқақтатқан «Семсер» тобының жігіттері көрермен ықы­ласына бөленді. Халықаралық жүлделерді иеленіп жүрген «Қазына» би ансамблі татулық пен бе­реке-бірлікті паш етті. Бұ­дан бөлек, аталған өнер майтал­ман­дары Түркияның Кас­та­мону, Анкара, Ыстанбұл қа­ла­ларының тұрғындарына кон­цертт­ік бағдарлама ұсынған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»