Аймақтар • 04 Мамыр, 2018

Бурабайда велосипед тебу кезеңі басталды

731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда еліміздің кейбір өңірлерінде велосипед тебу өмір салтына айналып барады. Ве­лосипед тебу науқаны ресми түр­де ашылатын кезге де жет­тік. Бұл ретте Бурабай курортты ай­ма­ғында велосипед тебу кезе­ңі рес­ми түрде ашылуы соның дәле­лі. Ақмола облыстық туриз­м бас­қар­масы, Бурабай ауданы әкім­ді­гі және «Бурабай Даму» ЖШС бір­лесіп ұйымдастырған «Velo­burabay-2018» кезеңінің басталуы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналды. 

Бурабайда велосипед тебу кезеңі басталды

Ақмола облысы Туристік ақпа­рат орталығының кең ауқым­ды жарнамалау жұмыстарын жүр­гізуі нәтижесінде Көкшетау қала­сынан 150 адам велотебу науқанының ашылуына қатысты. Велошабандоздарды жарыс алаңына дейін тегін жеткізу үшін тіпті көлік те ұйымдастырылды. Нәтижесінде веложарысқа 420 адам қатысса, олардың сапында «Велотоп Астана», «Көкше» велоқауымдастығының кәсіби велошабандоздары да болды. Сонымен қатар қатарға Ақмола облысының әртүрлі өңірлерінен, Астана, Көкшетау, Степногор және Щучье қалаларынан велосипед тебуді дағдыға айнал­дырған әуесқойлар да келіп қосылды. 

Реті келгенде айта кету керек, «Burabay Land» тақырыптық саябағында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысу­шы­ларға арнап құттықтауын жет­кіз­геннен кейін өзі де велосипедке қонып, колоннаны бастап жүрді. Велосипедпен жүріп өту арақашықтығы 28 шақырым еңсерілгеннен кейін ең жас, ең егде жасқа жеткен және ең үздік нәтиже көрсеткен нәзік жанды спортшыға сыйақы берілді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы