Аймақтар • 04 Мамыр, 2018

Атырауда тегін ағылшын тілі курстары басталды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу 11 сәуірде басталды, жыл бойына созылады,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда тегін ағылшын тілі курстары басталды

Курстарды "Тілдерді  дамыту мен қолданудың 2011-2020  жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында  облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған. Білікті мамандар дәріс беретін оқу аптасына үш рет дүйсенбі,  сәрсенбі, жұма күндері сағат 17.00-19.00  аралығында Нұрсая ықшамауданы 23  үйде орналасқан Жастар ресурстық орталығында өтеді.

Айта кетейік,  өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100  адам ағылшын тілінің тегін курсына қатысқан еді. Биыл 14-29  жас аралығындағы барлық қалаушылар үшін шет тілі тегін оқытылады.

Сондай-ақ, Атырау қаласының 300 тұрғынының жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді, олар компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеріп, бірнеше мамандықтар бойынша оқу курстарынан өтті.