Қазақстан • 04 Мамыр, 2018

Елордада биыл 22 жаңа көше салынады

402 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл Астана қаласында 20,8 шақырымдық 22 көше құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Елордада биыл 22 жаңа көше салынады

Елорда әкімдігі тұрақты негізде жол желілерін дамыту мен өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Қалада жыл сайын көлік ағыны артып келеді.

Қазір күн сайын қала көшелеріне 500 мыңнан астам көлік шығады. Елордада көлік ағыны жылдамдығын арттыру мақсатында жыл сайын жаңа көшелер құрылысы мен автотұрақтар құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы қалада 12 жаңа жол салынып, бұрыннан бар 157 көше жөндеуден өтті, оң жаққа бұрылуға арналған 37 жол жасалды. Ақылы автотұрақтың бірінші кезеңі жүзеге асты.

«Ақылды бағдаршам» және ITS жүйесімен 93 жол қиылысы қамтылды. Қашықтығы 75 шақырымды құрайтын қоғамдық көлікке арналған арнайы жол белгіленді. Автобустар паркі 70% жаңартылды. Елордада жыл сайын көктемде жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпаратына сай, биыл да қалада 20,8 шақырым құрайтын 22 көше құрылысы жоспарланған. Назарларыңызға құрылысы жүретін көшелердің тізімін ұсынамыз.

1. Ш. Бейсекова көшесі бойымен Сығанақ көшесінен бастап № 27 дейін;

2. Сарайшық көшесінде Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейін;

3. № 26 көшесі бойында Тұран даңғылынан Жиделі көшесіне дейін (№ 37);

4. № 24 көшесі бойында Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін;

5. № А 82 көшесі бойында № А 91 көшесінен Ш. Қалдаяқов дейін;

6. «Bi Village» ауданындағы № 37 көше;

7. «Bi Village» ауданындағы № 38 көше;

8. «Bi Village» ауданындағы № 28 көше;

9. 2-ші Алматы көшесі бойы Н. Тілендиев даңғылынан Ш. Бейсекова көшесіне дейін.

10. Түркістан көшесі бойы Керей-Жәнібек хандар көшесінен № 27 көшеге дейін.

11. Ақниет көшесі; Үш шаршыдағы көшелер құрылысы

12. Е 13 көшесі бойында Ш.Бейсекова көшесінен Е 29 көшесіне дейін;

13. Е 27 көшесі бойында Е 10 көшесінен Е 11 көшесіне дейін;

14. Е 25 көшесі бойында Е 10 көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін;

15. Е 11 көшесі бойында Е 29 көшесінен Е 30 көшесіне дейін;

16. Е 33 көшесі учаскесінде Е 10 көшесінен Е 15 көшесіне дейін;

17. Е 34 көшесі бойында Е 10 көшесінен Е 15 көшесіне дейін.

18. Е 12 көшесі бойында Е 32 көшесінен Е 35 көшесіне дейін;

19. Е 32 көшесі бойында Е 10 көшесінен Е 12 көшесіне дейін;

20. Е 37 көшесі бойында Е 16 көшесінен Е 12 көшесіне дейін.

21. Е 28 көшесі бойында Е 16 көшесінен Е 17 көшесіне дейін;

22. Е 41 көшесі бойында Е 16 көшесінен Е 17 көшесіне дейін.