Қазақстан • 04 Мамыр, 2018

Алматыда 42 шақырымдық арықтар жөнделуде

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін сондай-ақ Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Әлібеков журналистердің қатысуымен баспасөз мәжілісін өткізді.

Алматыда 42 шақырымдық арықтар жөнделуде

Ерлан Әлібекұлы казгидрометтің мәліметтеріне сәйкес, Алматы қаласының таулы аймақтарындағы  жинақталған қардың мөлшері қалыпты және өткен жылмен салыстырғанда қардың көлемі екі есеге аз екендігін атады. Жауын- шашынның мөлшері орташа есеппен алғанда белгілі өлшемнен 15-20 пайызға төмен. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, биылғы жауын-шашынның мөлшері 50 пайызға аз.

2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің басшылығымен Алматы қаласының Алатау, Әуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында жалпы қашықтығы 30 шақырымды құрайтын арық жүйелері салынып, сондай ақ Есентай (9 шқ), Қимасар (1,1 шқ) және Жарбұлақ (0,4 шқ) өзендерінің жекелеген бөліктерінде жағалауды беріктендіру мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қала әкімінің қорынан бөлінген 1,4 млрд.теңгеге Алатау мен Наурызбай аудандарының су тасқынына қауіпті учаскелерінде 1,2,3 шақырым арық жүйелері мен жауын кәріздері салынып, Алатау ауданындағы «Энергостроитель» және «Теплоэнергетик» саяжайларынан өтетін «Қарғалы» өзені арнасының 4,8 шақырымы бетондалды.

Оған қоса, 2017 жылдың қыркүйегінде Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені арнасындағы (жалпы сомасы 2,2 млрд.теңгеге) апатты-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қарғалы өзенінің су өткізу мүкіндігі 20м3 дейін жоғарылады (бұрын 5-7 м3 болған).

«Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы шеңберінде Есентай (Абай даңғылы), Жарбұлақ (Қабанбай батыр,Иштван көшелері) және Кіші Алматы (Елебеков, Майлин көшелері) өзендерінен өтетін 6 көпір күрделі жөндеуден өтті (575 млн. 605 мың теңгеге).

Медеу-Шымбұлақ автожолындағы Кіші Алматы өзенінен өтетін 1 көпірді жөндеу жұмыстары 2018 жылға жоспарланған (сомасы 262 млн.451 мың 216 теңге).

Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен қаламыздың 8 ауданында 42 шақырымдық арық жүйелерін жаңартуға Жобалық сметалық құжаттама дайындалып, 2018 жылдың басынан бері іске асырылуда, – деді Департамент орынбасары.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар