Мәскеудегі Мемлекеттік фильмдер қорынан белгілі режиссер Мәжит Бегалиннің алғашқы фильмі табылды

Қазақ киносы классиктерінің бірі, «Шоқан Уәлиханов», «Тұлпардың ізі», «Ел басына күн туса», «Мәншүк туралы жыр», «Отқа оранған Орал» фильмдерінің режиссері Мә­жит Бегалиннің 1955 жылы Алматы көркемсуретті және хроникалық фильмдер киностудиясын­да түсірген «Бұл Шұғылада болған еді» атты ең алғашқы көркемсуретті фи­льмімен, шынын айту керек, осы күнге дейін көрермен де, тіпті мамандардың өздері де таныс емес-ті. Оның басты себебі – елімізде ол фильмнің бірде-бір көшірмесі сақталмаған. Ал жалғыз көшірмесі Мәскеудегі «Белые Столбы» мемлекеттік фильмдер қорында жатқанына, міне, алпыс жылдан асыпты. 

Егемен Қазақстан
05.05.2018 7598
2

Ізгі ниет – игі істің бастамасы. Осыдан бір-екі жыл бұрын жас кинорежиссер, Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің тү­ле­гі Евгений Лум­пов Мә­жит Бе­галиннің шы­ғар­ма­шы­лығын зерттей жүріп, оның ең ал­ғаш­қы фильмінің көшірмесі Мәс­кеу­дегі Мемлекеттік фильм­дер қорында жатқаны туралы хабардар болады. Осы мәлі­мет­ті ести салысымен, режи­ссер оны елге қайтарудың жол­дарын іздестіре бастайды. Айналасындағы ниеті бір, тілектес адамдардың қол­­­дауымен қаржы жинап, оған өзінің жеке өлең­дер жи­нағының сатылымы­нан түс­кен қаржыны қосып, «Қа­зақфильм» кино­сту­дия­сы­ның келісімімен жақында отандық фильмді елге алып келуге қол жеткізген азаматтың бұл еңбегіне көрермен айрықша қошемет көрсетуде. Сөйтіп фильмнің тәуелсіз еліміздегі алғашқы көрсетілімі сәуір айының соңғы күндерінің бірінде (28.04.2018) Қазақ ұлттық өнер университетінің Шәкен Айманов атындағы кинозалында ұйымдастырылды. 

Жалпы «Бұл Шұғылада бол­ған еді» Мәжит Бегалин тү­сірген фильмдердің тізі­мін­­де болғанымен, сондай-ақ қа­­зақ киносы туралы анық­та­маларда ол туралы қыс­қа­ша ақпарат жазыл­ған­мен, шын мәнінде мәліметтер өте аз. Тіпті алғашқы көрсетілімі қашан, қалай өтті, қандай пі­кір­лер болды, көрермен, ма­ман­­дар қалай қабылдады де­ген сияқты сұрақтарға жауап табу да оңай емес. 

Мәжит Бегалиннің тағы бір фильмі – 1959 жылы түсі­ріл­ген «Жерге оралу» туралы да мәліметтер жоқтың қа­сы. Егер іздеу салсаңыз, дәл қа­зір елімізде ол фильмнің де бір­де-бір көшірмесін таба ал­майсыз. Тіпті жоғарыда айтып өткен Мәскеудегі фильмдер қорында да кездеспейді. Қазақ киносының тарихында мұндай фильмдердің саны аз емес екені белгілі. 

Айта кететін жайт, «Бұл Шұғылада болған еді» фильмі жеке адамның бастамасымен елге оралып отыр. Ал енді Мәскеудің Мемлекеттік фи­льмдер қорында осындай ай­шуақ сәтті күтіп жатқан фи­льмдеріміздің саны қан­ша­ма десеңізші. Олардың бар­лығын алып келуге жеке бас­тамашылардың әрдайым кү­ші жете бермейтіні тағы бел­гілі. Сондықтан әлбетте мұн­дай жобалар келешекте мем­ле­кет­тік деңгейде жүзеге асы­ры­лар болса, нұр үстіне нұр болар еді. 

Жалпы кез келген ки­не­­­ма­тографистің шы­ғар­­машы­лы­­ғында болсын, оның ең ал­ғаш­қы фи­ль­мі – қай уақытта да өте ма­ңызды. Өйткені өнер ие­сі­нің дәл сол еңбегінен кей­­і­нгі фильмдерінің тақ­ы­ры­бы, кейіпкерлері, шығар­ма­шылық қолтаңбасы, стилі тай­ға таңба басқандай ай­қын көрініп тұратыны анық. Мәжит Бегалиннің «қы­­зыл цен­зураның» нағыз қай­нап тұр­ған тұсында, сонау 1950 жыл­д­ардың өзінде тү­­сір­ген ең алғашқы «Бұл Шұ­­ғы­лада болған еді» фи­ль­­мін (сце­нарий авторы: Әб­діл­дә Тә­жі­баев) осындай ең­бек­тердің қатарынан деуі­міз керек. 

Ең алдымен назар аудар­ға­нымыз – фильмнің басты кейіп­кері, «Шұғыла» колхозын жиырма жыл басқарған Тел­­ғара Темірбековтің (Ыды­рыс Ноғайбаев ойнай­ды) бей­несі болды. Бір қара­ған­­да, 1950 жылдардағы ке­ңес киносындағы ауыл шаруа­шылығы туралы фильмдердің дәс­­түрлі кейіп­кері (колхоз бас­­тығы) сияқты кө­рін­ге­німен, оның сырт кей­пі, ки­­ім киісі, жүріс-тұрысы кә­­дуілгі қазақ батырын, иә болма­са сән-салтанаты тарқа­ма­ған қазақ даласының кешегі ақ­сүйе­­гін еске түсіреді. Тіпті ка­др­­да онымен бірге жиі кө­рі­­­нетін сәйгүлігінің өзі бей­небір Қобыландының Тайбу­ры­лын­дай, Алпамыстың Бай­шұбарындай, Қамбардың Қа­ра­қасқасындай әсер қалд­ы­рады. Колхоз кеңсесінде отыр­ған Телғарадан гөрі, сән-сал­танаты мейлінше келіскен сәй­гү­лігімен кең далада қыран құс­тай самғаған кейіпкерді кө­­реміз. Сол сәйгүлігімен ау­дан­ға бара жатып, алдынан да­ла сұлтандарындай күй­ме­ге мінген, өзі секілді та­ғы бір колхоздың бастығы шы­ғады. Тіпті аудан басшы­сы Рүстемовтің (Шахан Мусин) мейірімді жүзінен дәс­түрлі кеңестік партия қыз­метк­е­рі­нен гөрі, зиялылық басым­дау бай­қалады. Немесе бөлмеде әрлі-бері жүрген Телғарадан қа­­быр­ғада ілулі тұрған оның фотосуретіне панора­ма жасайтын көрініс бар. Омы­­рауында жарқыраған (Ұлы Отан соғысына қатыс­қан) орден-медалі бар, тұр­ған тұрысының өзінен бе­к­заттығы сезілетін кейіп­кер­­дің сырт кейпінен ру­хы мық­ты батырлардың бей­несі кө­рінеді. Тіпті филь­м­дегі тау-тас, кең дала, таби­ғат кө­ріністерінің өзін­де оған деген ғажап бір сүйіс­пен­ші­лік, көш­пендінің рухы, дү­ние­та­нымы сезіледі. Телғараның бас­ындағы негізінен бай-мыр­залар киетін бөркінен және оны ылғи да тастамай киіп жүруінің өзінен бұл кей­іпкердің кеңес ки­но­сы­ның дәстүрлі колхоз бас­тық­тарынан өзгеше екенін кө­реміз. Бөрік – оның еркіндік сүй­гіш ата-бабасы рухының сим­волы іспетті.

Сюжеттік желісі, тақы­ры­­бы ауыл шаруа­шы­лығы тура­лы кеңестік фильм­дер­дің үл­­гісін еске түсір­гені­мен, жа­ңа­ғыдай детальдар, кейіп­кер­лерінің сырт кейпі, ки­ім-киісі, сәйгүлігі, табиғат кө­ріністері арқылы «Бұл Шұ­ғылада болғ­ан еді» фильмі Мә­жит Бе­га­лин­нің кейінгі шы­ғар­ма­ла­ры­на бағыт-бағ­дар, бастау­шы болып қал­ғанын айқын аңғарамыз. 

Сонымен Шоқан Уә­ли­ха­нов, Бауыржан Момы­ш­ұлы, Мәншүк Мәметова си­яқты қа­зақтың аяулы ұл-қыз­да­ры­ның мәңгілік өшпес ру­хы мен бет-бейнесін киноэкран­да тұшымды сипаттаған, ұлт­тық кино өнерінің тарихына «Тұлпардың ізі» секілді та­маша фильм ұсынған ре­жис­сер­­дің ең алғашқы шығар­ма­сы елімізге оралып, онымен жақын танысуымызға мүм­кіндік туды. Келешекте шет­­те жатқан басқа да фи­льм­­дермен қауышатын күн де туар деген үмітіміз жоқ емес. Әрине солай бола­ры­на сенгіміз келеді. Өйт­ке­ні олар­дың әрқайсысы ки­но­­мыздың ға­на емес, жалпы елі­міздің мә­дениеті мен өне­рі­н­ің тарихы үшін өте-мөте маңызды. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ,
кинотанушы, өнертану кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу