Үкімет • 04 Мамыр, 2018

Үкімет үйінде ынтымақтастық мәселелері талқыланды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC) басқарма төрағасы, директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Гу Шу мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкімет үйінде ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Кездесу барысында ICBC-мен ын­ты­мақтастық туралы мәселелер, отан­дық, қытайлық және басқа да шетелдік клиенттерге жоғары сапалы банктік қызмет көрсету, ше­тел инвестицияларын тарту жә­не Қа­зақ­стан экономикасын не­сие­лендіру мәселелері талқыланды.