Аймақтар • 05 Мамыр, 2018

Қарағандыда «Бабалар сөзі» фолькорлық фестивалі өтті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағандыдағы «Молодежный» мәдениет үйінде «Бабалар сөзі» фолькорлық фестивалі өтті. Халықтың рухани асыл қазынасын жинақтау, насихаттау және келешек ұрпаққа жеткізу сынды игі істерді мақсат ектен фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Қарағандыда «Бабалар сөзі» фолькорлық фестивалі өтті

Шарада  ұлттық фольклорлық мұра­­ларымызды жинақтап, сақтап жүр­ген ересектер мен жастар  ән, би, әуен сайысында өз дарындарын ашып көрсетуге мүмкіндік алды. Қаты­сушылардың жас ерекшілігі де ау­қымды болды: 5 жастан 70 жасқа дейінгі аралық қамтылды.

Бұл фольклорлық фестиваль музыка, би, ән арқылы халықтың атам заманғы өнер тәжірибесінің та­ма­ша көрінісі болды. Мерекеге қаты­су­шылар, яғни жастар жағы бар өнерін салып, өз ісінің кәсіби мамандары ретінде дарыны мен шеберліктерін халайық алдында паш етті.

Фестиваль барысында шеберлік сабағы, мектептер арасында асық атудан  жарыс, күш сынасу бәсекелері өткізілді. «Балдырған» бөбекжайының «Сыл­дырмақ» хоры, «Ботақан» вокалдық тобы, «Алтын батыр» стэп-мектебі өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Ұлттық киімдер, көне сарындар қаты­сушыларды ата-әжелеріміздің заманына ойша қайта оралуына мүмкіндік берді. Жас буын ұрпақтан-ұрпакка аманат етіп жеткізілген салт-дәстүрлерімізді, туған ел тарихын біліп, ертеден қалған тұрмыс заттарымен танысуға мүмкіндік алды.

«Бабалар сөзі» фольклорлық фес­­ти­валі қатысушыларды өткен күн­дерге оралтып, болашақтың маңыз­дылығын бағалауға септігін тигізді.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ