Қазақстан • 07 Мамыр, 2018

Астаналық ардагерлер 9 мамырда Astana Taxi қызметін тегін пайдаланады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 мамыр Жеңіс күнінің құрметіне орай Astana Taxi ҰОС ардагерлерін тасымалдау үшін 45 автокөлік ұсынады,  деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық ардагерлер 9 мамырда Astana Taxi қызметін тегін пайдаланады

«Бұл біздің ұлы мереке туралы естелік пен батырларымызға қосқан кішігірім үлесіміз, олардың даңқы мәңгі жасай берсін!», деді тасымалдау компаниясының өкілдері. 

Astana Taxi жобасы астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2 мамыр 2017 жылы Мемлекет басшысының бірыңғай такси қызметін құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ашылған болатын. Astana Taxi 380 автомобиль жылжымалы паркінде 10 ресми тасымалдаушы біріктірілген.