Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет

626 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қолдауға арналған шаралар жөнінде брифинг өтті.

Ардагерге   құрмет  – ұрпаққа міндет

Жиынға Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақы­пова, Қарулы Күштердің Бас штабы тәрбие және идеология департаменті басшысының орынбасары Қанатбек Белгі­беков және ардагер Ахат Бек­мади қатысты.

С.Жақыпованың дерек­теріне сүйенсек, биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың арда­герлеріне бір реттік көмек ре­тінде 2,7 миллиард теңге кө­леміндегі бір жолғы ақша­лай төлем қарастырылған. Сон­­дай-ақ 2,6 миллиард теңге сома­сындағы әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары бар.

«Бүгінгі күні республи­када 2067 Ұлы Отан соғысы­ның қатысушылары мен мүгедектері, 39 723 оларға те­ңес­тірілген адамдар, 166 700 Ұлы Отан соғысы қатысушы­ларына теңес­­ті­рілген басқа санаттағы тұлғалар тұрып жатыр», деді С.Жақыпова.

Елімізде ардагерлері ең көп қала – Алматы, мұнда 268 соғыс ардагері тұрады. Шығыс Қазақстан облысында – 176, Оңтүстік Қазақстан облысында 124 ардагер бар. Маңғыстау облысында 24 ардагер бар екен.

Ардагерлерге көрсетілетін бір реттік төлем мөлшері ай­мақтардың экономикалық жағ­дайына байланысты әртүрлі. Мәселен, Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында соғысқа қатысушылар 500 мың теңге сомасындағы бір реттік жәрдемақы алады. Басқа өңірлерде орташа төлем мөлшері 150 мың тең­генің айналасында. Сондай-ақ еліміздегі Ленинград тұр­ғындары, концлагерьдің кә­ме­летке толмаған тұтқыны атан­ғандар, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары, тыл ардагерлері мен басқа да соғысқа қатысушыларға те­ңестірілгендер де түрлі мөл­шердегі бір реттік төлем алады.

Бұдан кейін соғыс ардагері А.Бекмади сөз сөйлеп, бейбіт өмірдің маңызына тоқталып, соғыс болмасын деген тілегін жеткізді.

«Соғыс ардагері ретінде маған үш бөлмелі пәтер берді. Жолда тегін жүремін, енді не керек маған?! Осындай құр­мет көрсеткені үшін еліме, Ел­басына алғыс айтамын. Біздің мақсатымыз – бейбіт өмір сүру», деді қария.

Жиын соңында А.Бекмадиге бағалы сыйлықтар берілді.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»