Аймақтар • 11 Мамыр, 2018

Қарағандыда Жас ұлан­дар күні аталып өтті

1085 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Қарағанды об­лыс­тық Білім басқар­ма­сы­ның бастамасымен, өңір­дегі білім беру меке­ме­лерінің бар­лығында Жас ұлан­дар күні аталып өтті. Оны ұйым­дастырған – «Жас ұлан» балалар мен жас­өс­пірімдер қоз­ғалысы мен «Сарыарқа дарыны» ғы­лы­ми-тәжірибелік орта­лығы. 

Қарағандыда Жас ұлан­дар күні аталып өтті

Жас ұрпаққа арналған ме­рекелік шара осымен екінші жыл өткізіліп отыр. «Жас ұлан» ұйы­мының мақ­саты: өскелең ұр­пақты патриоттыққа, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құш­­­тарлыққа, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақ елінің бүгіні мен болашағына деген жауап­кер­шілікке тәрбиелеу.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасының шең­берінде ұйымдас­ты­рыл­­­ған атаулы­ күн биыл ел­орданың 20 жылдық мерейтойына орай «Асқақтаған Астанам!» та­қырыбымен өтті. 

Ауқымды шараның барысында «Жас ұланның» қатарына жаңа мүшелер алынып, олар ант қабылдады. Көпшілік мерекелік концертпен қатар, жас өнертап­қыштардың көрмесін, спорт­тық жарыстарды тамашалады.

«Жас ұланның» мін­деті – қазақ халқының ті­лін, мәдениетін, тарихын­ бі­лу негізінде өскелең жас­­ ұр­пақ­тың бойында ру­­ха­ни-адамгершілікті қалып­тас­тыру, балалар­ мен жас­өс­пірімдердің азамат­тық бел­сенділігі мен сана­лы­лы­ғын арттыру, танымдық жұ­мыс­­тарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зият­керлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағ­дай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қа­лып­тас­ты­руға, көшбасшы­лық және ұй­ым­дастырушылық қабі­лет­терін дамытуға ба­ғыт­­талған шара­лар екенін ес­керсек, атаулы күн де осы мақсатты көздеген игі ша­­­раларға толы болды. Сал­та­нат­­тарға еліміздің дамуына үлес қос­қан, өскелең ұрпаққа көрсетер үлгісі, айтар ақылы мол тұлғалар, үздік отбасылар, құрметті азаматтар арнайы қатысты.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар