Аймақтар • 11 Мамыр, 2018

Атырау облысында жыл сайынғы марафонға 3 мыңға жуық тұрғын қатысады

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жексенбіде, 13 мамыр күні Атырауда  "Atyrau Marathone – 2018" кең көлемдегі спорттық шарасы өтеді, деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында жыл сайынғы марафонға 3 мыңға жуық тұрғын  қатысады

Бейсенбі күні, 10 мамырда марафон қатысушылары соңғы ұжымдық жаттығуларын өткізді. 70 адамнан тұратын топ "Atyrau Marathone – 2018"-ға 20 наурыздан бастап дайындалуда. Аптасына 3 рет жүгірушілер басшыларының нұсқауымен әр түрлі қашықтықта қала көшелерін жүгіріп өткен. Жарысқа 3 күн қалғанда жүгірушілер соңғы жаттығуларын аяқтады, енді жеңіске псиxологиялық түрде дайындалады. 

"Atyrau Marathone – 2018" қатысушылардың жаттықтырушысы Алтай Құспановтың айтуынша, марафонға қатысушыларға жарысқа дейін арнайы жаттығудан өту қажет.

-Қатысушы өзі жүгіретін қашықтықты таңдау қажет, өзін жарысқа физикалық тұрғыдан дайындау керек, сонымен қатар, өзіне қажетті құралдар таңдау керек. Өзімен бірге су ала келіп, 42 шақырымға жүгіретін болса жүрек жалғайтын асты да ала шыққан жөн, себебі жүгіру 3 сағатқа созылады,- дейді Алтай Құспанов.

Айта кетейік, 13 мамырда 10.000 м қашықтықта жүгіру Абылайxан даңғылынан( Уорлей Парсонс елді мекені мен Мұз сарайы аралығы). басталады. Қатысушылар 8.00-де жиналады, старт - 9.15-те. Ыңғайлы болу үшін қатысушыларды Маxамбет алаңынан 8.00-ден бастап автобустар тасымалдайды. 

Мұз сарайының алдындағы алаңда 42,195 м қашықтықта жүгіру басталады. Қатысушылар 6.00-де жиналып, сағ. 7.00-де басталады. Ыңғайлы болу үшін қатысушылар автобустармен  6.00-ден бастап Махамбет алаңынан жеткізіледі.

4500 м қашықтықта жүгіруді Махамбет алаңына қарама-қарсы Сатпаев көшесінен бастау жоспарлануда. Қатысушылар 7.30-да жиналып,  сағат 9.00-де  басталады.

10 мамырдағы ақпарат бойынша онлайн және офлайн тіркеуден 3000-ға жуық қатысушы өткен.

Соңғы жаңалықтар