Аймақтар • 11 Мамыр, 2018

«Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» көрмесіне 60-қа жуық кәсіпорын қатысуда

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте тоқыма өнеркәсібіне арналған, көрші Өзбекстан елімен бірлесе ұйымдастырылған көрме өтуде.

«Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» көрмесіне 60-қа жуық кәсіпорын қатысуда

«Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» көрмесіне киім және теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар өндіретін оңтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорын қатысуда. Көрме жұмысымен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев екі елдің өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының және сауда - экономикалық байланысының бұдан әрі дами түсетініне сенім білдірді. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы мыңнан астам кәсіпорындар мен мекемелер сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және құрылыс материалдары, медицина және білім саласында Өзбекстан кәсіпкерлерімен ынтымақтастық орнатқан. Көрме жұмысы екі күнге созылмақ. Сондай-ақ, өңірде Өзбекстанның Қазақстандағы күндері аясында жоспарланған іс-шаралар шеңберінде кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуымен «Аймақтық ынтымақтастық және интеграция: өткізу нарығын кеңейту арқылы екі елдің кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ.

Айта кетелік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы сауда айналым көлемі 2,0 млрд. АҚШ долларына жетсе, оның 30 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Яғни, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналым 16,8 пайызға артып, 622,6 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 252,8 млн. АҚШ доллары, импорт – 369,8,8 млн. АҚШ доллары болды.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы