Еуропалық парламент делегациясы «Нұр Әлем» павильонынан зор әсермен оралды

«Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропарламент делегациясы Қазақстандағы ресми сапары аясында «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайына келді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ Баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
11.05.2018 5009
2

Жоғары мәртебелі қонақтарға павильонның тақырыптық экспозицияларын, сондай-ақ, ел экономикасының түрлі салаларын «цифрландыруына», жаңа технологиялар мен инвестициялар тартуға және жаңартылған энергия көздеріне көшуге айтарлықтай үлес қосуға қабілетті ЭКСПО-2017 нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасымен таныстырды.

Қазіргі таңда көрме аумағында АХҚО, «Astana Hub», Халықаралық жасыл технологиялар орталығы, IT-университеті сияқты ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Еуропарламент депутаттарын көрмеге келушілермен тікелей қарым- қатынаста болатын интерактивті экспонаттар ерекше таңдандырды.

«Біз қуаныштымыз! Менің ойымша бұл көрмені барлық адам келіп өз көздерімен көруі қажет, себебі «Нұр Әлем» павильоны тек әдемілігімен ғана емес, сонымен қатар ақпараттық танымдылығымен де қызықты. Ғарыш энергиясына арналған қабатты ерекше атап өткім келеді. Планетарий маған қатты әсер еткені соншалықты мен сәл кідіріп, өз әріптестерімнен қалып та қойдым», - деп атап өтті Еуропарламент депутаты Иоахим Целлер.

Қазір ұлттық компания оның мазмұнын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, мұнда әр түрлі білім беру, танымдық іс-шаралар  және мектеп оқушылары мен студенттерге арнап «ашық» сабақтар өткізіледі.

«Павильонның әр қабатында ұлттық рух байқалады. Менің ойымша бұл шет елдіктер үшін де, ең кішкентай көрермендер үшін де танымдылыққа толы қызық. Себебі, өз ұлтыңның мәдениеті мен дәстүрлерін жастайынан үйрету қажет», - дейді Иветта Григуле ханым.

Экскурсия соңында Еуропарламент делегациясы ұлттық компанияның  ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі мұрасын тиімді пайдалану және дамыту саласындағы қызметін жоғары бағалады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Жоспарланған меже – 100 мың гектар

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Алтай - Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі

21.11.2018

Елбасы әлемге қазақ жерінен тараған жылқының қадірін жете түсінуге шақырды

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

21.11.2018

Қазақстанның ірі электр стансалары жылыту маусымына толық дайын

21.11.2018

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

21.11.2018

«Хат қоржын»

21.11.2018

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үкімет басшысына жүгінді

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

21.11.2018

Орта білім беруді жаңғыртудың жаңа жобасы

21.11.2018

Елімізде жол-көлік апаттарынан болатын адам шығыны көп

21.11.2018

Ынтымақтастық арта түседі

21.11.2018

Жастарды қолдауға арналған бастама

21.11.2018

НУ ма­гис­трант­та­ры «Қазцинк» компаниясында тәжірибеден өтпек

21.11.2018

Денешынықтыру пәні пән емес пе?!.

21.11.2018

Байқау жеңімпаздары анықталды

21.11.2018

Тараздықтар халық қаһар­маны Ғазиз Байтасовты еске алды

21.11.2018

Аян беріп шақырған ағам еді...Баққожа Мұқай туралы естелік

21.11.2018

Аймауытов мұрасы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасында басшылыққа алынды

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу