Сіз бен біз немесе сөздің құны

Ендігінің жазушылық өнер соқпағы аға ұрпақ көріп-білген тағлымнан өзге­шелеу. Тұңғыш кітабын шығарған бойда тұсаукесер шарасын өткізіп, үлкен іс тын­дырғандай сенім ұялаған жүздерді ыңғай ұшырататының бар. Рухани тәжірибесі толысқан жасы үлкендердің алған әсері мен қорытқан ой-пікірлері тап мұндай шараларға ауадай қажет.

Егемен Қазақстан
14.05.2018 133
2

Дей тұрғанмен тап осындай ахуалға өзінен-өзі сұранатын шешімді сөздерге үйірлік танытпай, құлақтары тосаңситын үрдіс қашан, қалай орныққанын көз алдымыздан өткеріп алып, ештемені аңғар­маған аңғал кейіп таныту қай бір оңған іс дейсің баяғы. Сөйтсе де қолына қалам ұстауға тәуекелі жетудің жолы мен жөні­нің ұзын тарихына үңіліп, дәстүр мен ұстаным біткеннің беріктігіне көз жет­кізіп қана қоймай – тағдыр талқысына түскен тұлғалардың ізденіс кезеңдерінің өзі дәуір ерекшеліктерімен үндесетініне қай­ран қаласың. Мұны таратып айтудың жауапкершілігі орасан, нар жүгіне татитындай білім біткенді қауашаққа сыйғызудың өзі екіталай. Жарамсақ жалғандықтан ада кісілікті қолыңа шырақ алып іздеген кезде – «Семейдің бұл қаласы» деп Абайша айтқанда анда-санда алдыңнан шықса, біле-білген кісіге оның өзі таптырмайтын олжа.  ХІХ ғасырдың зарзаман ақындарынша түңілістің ауқым көлемін зорайтып, үрейлендіре абыржытудың әкелер жақсылығы шамалы. Қазақ жанының пернесін нәзік қозғайтын сөз жарықтықтың әсершіл қуаты төмендегелі елітіп, еліктіріп әкететін заманаға сай тетікті ойластыратын уақыт әлдеқашан жетті. Сөздің әлбетте сұрауы бар, алайда оның есебін біліп, мөлшерін анықтап отыратын әдеттен алшақтау нышандары жеткілікті. Жұмырбасты пенде баласының ақыл-ойы алғыр тартса да, өзімшіл ауруынан арылу қиынға соғып барады.

Сөздің еш әсер етпейтін себебіне бойлауға ешкімнің құлқы жоқтығына етіміз үйренгені сонша – сыпайылықтан ада сыйымсыздау мінездерді ерен санамайтынға айналыппыз. Басқосулардың барысын былай қойып, той-томалаққа кітабын қоса ала келіп, мынау атақты жазушының қолтаңбасын тойға тарту ретінде қабылдаңдар деп жазған лебізінде бір қарағанда түк залалы жоқ сияқты. «Ұлы жазушы» демегеніне ішіңнен шүкіршілік қылып, айтылған сөз атылған оқ есепті екенін кейде ұмытатының бар. Келе-келе көпті сыйламаудың мұншалықты асқынған түрінің төркінін тереңді қопармай-ақ кезіктіре бастасаң тұла бойың тітіркене тоңазиды. Өйткені, үлкеннің алдынан қия өтіп көрмеген, кейбіреудің омырау өктемдігіне көндігіп үйренген халық өкіліміз. Тіпті ұрдажықтау өрескел қылықтарын еркелікке ұйғарып, тексіздікке таяу мінездерді аңыз ғып айтып, әпсана ғып таратуға әуестігімізде ұлттық кеңдік пен кешірімшіл ерекшеліктеріміз байқалады деп жақауратудың күні өтіп бара жатқалы қашан.

Көп томдықты шығару үрдісінің орнығып, кең қанат жаюында – шаңырақ шайқалтып, кереге қирататын озбыр оғаштық атауымен жоқ та. Қырық төрт жасында о дүниеге бет бұруға қамданған Чеховтың көңілін сұрай келген қарт Толстой осы күнге дейін жаз­ған-сызғаныңды түгел жинастырып, жарыққа шығар деп кеңес айтатыны бар. Болат Қанатбаев деген жазушының қазасы үстінде Қадыр Мырза Әлі де қаламгер атаулы өлгеннен кейін шашауын шығармай мұрасын түгел бастырған дұрыс деп айтқаны әлі күнге дейін есте. Мұнда бір ізгілікті мәдениет бар.

Ал енді жиырма томға таяу кітабын шығарған көзі тірі жазушымыздың әрқайсы­сының беташарындағы жазуға көз жүгірте қарасаң – қазақтың классик, атақты, даңқты, қа­сиетті қаламгері секілді эпитеттерден аяқ алып жүре алмай малтығып қала жаздайсың. «Кей адам дүниеге қанша бой алдырса да» үмітінің өлмейтін үздіктігінен былай – қарапайым халық алдында өздерін ұлы жазушы дәрежесінде ұстайтындарына таң қала­сың. Асқаралы шыңдармен теңесетін сын­шылық ой жер бауырлап етекке түскен соң кіл өңкей жүгенсіздік алдымыздан андыз­дап шығып келеді. Оған тоқтау салатын сіз бен біз.

Тоқтау салу деген былайынша жаймен айтыла салған сөздің кезегіндей. Ал дү­ниеге кімдердің шығармаларын іріктеп, ұялмай ұсынуға болады деген мәселеге сыпыра ұмтылғандарын шыққыр көзіміз көрген соң бұған имене тоқталмасқа амалың кәне. Рухани тұтқаны ұстағандардың бірімен кезінде тілдесудің реті келіп қап, көркемдік талғамға деген көзқарас нәзік ғұрпынан айрылып, түйетабанданып бара жатқанын күйзеле жеткізген кезде, жанашыр сыңайда ұзақ тесіліп барып: «Оған көп алаңдай бермеңіз ағасы, бұл бүкіл әлемдік беталыс осылай» деп кесіп айтқаны ыңғай ойға орала береді. Күллі дүниенің сиқы солай болса, онда бізге не жоқ деп алдында өзімізді-өзіміз жұбатып, көңіліміз біржола тыншыған сияқтанған. Келе-келе қарасақ бұған  алдануға болмай бара жатқанын аңдай­сың. Тура осы бағыттан таймай алды-артымызға қарамастан тоқтаусыз кете беретін болсақ – надандану үдерісінің тұйығына бір-ақ тірелетін түріміз бар. Қариялық жастағы адамға көріпкелдік танытып, есіле сөйлеу әлбетте сыйымсыз. Дей тұрғанмен тобырлық мәдениеттің құла тасқын екпінінен құлан-таза шығудың жолы қандай, көп болып ойласатын шаруа шынтуайтында осы екен.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 22:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

24.03.2019

Б.Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

24.03.2019

Кремльді тамсандырған Димаш

24.03.2019

Димашқа өзі бейнеленген қуыршақ сыйға берді

24.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

24.03.2019

Бақыт Сұлтанов елорда атауын өзгерту туралы: Біз барынша үнемді жолды таңдаймыз

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу