Жошыбаев жолы

Таяуда тараздық белгілі кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, академик Сейітхан Жошыбаев ұйымдастырып, басқарып отырған «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ұжымы өзінің 10 жылдығын үлкен жетістіктермен атап өтті.

Егемен Қазақстан
15.05.2018 2042

Бұл кардиохирургиялық орталық тек Жамбыл облысында ғана емес, іргелес Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыс­тарына да жақсы таныс. Тіпті Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден арнайы іздеп келіп, қажетті медициналық көмек алып жатқан пациенттерді жиі кездестіруге болады. Бұл аталған Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының танымалдығын көрсетеді. Қайраткер ғалым, кардиология саласының білгір маманы, денсаулық сақтау жүйесінің бірегей ұйымдастырушысы, көрнекті кардиохирург Сейітхан Жошыбаев ағамыздың еселі еңбегі жайлы жылы сөздер, жақсы лебіздер азды-көпті әр дәрежеде жазылып та, айтылып та жүр. 

Сейітхан Жошыбайұлы Жам­был облысы, Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның Ақыртөбе маңындағы Бірлес ауылының тумасы. Кеңес заманында қыр­ғыз еліндегі медициналық оқу орнының емдеу факультетін бітірген. Білімге құштар жігіт үш-төрт жыл көрші Талас облы­сындағы ауруханада ота­шы болып еңбек еткеннен соң Бішкекке қайта оралып, белгілі хирург-академик И.К.Ахунбаев жетекшілік ететін Хирургиялық орталыққа аспирантураға түсіп, кардиохирургиядан практи­калық-ғылыми тағылым алды, көп ұзамай ғылым кандидаты атанды. Жұмыс десе жан-тәнін беретін Сейітхан уақытпен санаспай, күн мен түнді жалғай жүріп, клиникада мол тәжірибе жинады, білімін тереңдетіп, хирургиялық мамандығын жетілдірді. Дәрігерлік білім, хирургиялық шеберлік тек оқумен һәм еңбекпен келетінін түсінген ол шаршамай-шал­дықпай ту сонау Мәскеу, Киев, Каунас қалаларындағы бел­гілі кардиохирургиялық ор­талықтарда болып, академиктер В.И.Бураковский, Г.И.Цукерман, Ю.С.Петросян сияқты әлемдік деңгейдегі белгілі кардиохирургтерден көп нәрсені үйреніп, санасына тоқып, жүрекке операция жасайтын жауапкершілігі батпандай кардиохирург ретінде ысылды, білмегенін үйренді, жұдырықтай жүрекке операция жасаудың «құпиясын» тапжылмай жүріп табандылықпен меңгерді. Білімі мен ісі, оташылық қол машығы сәйкес келген маманды қырғыз ағайындар құрметтеп, сый-абыройға кенелтті. Ол ма­­­мандықты меңгере жүріп, ғылыми ізденіспен де айналыс­ты. Алғашқылардың бірі болып кардиохирургиядан докторлық диссертация қорғап, профессор, Қырғыз Республикасына еңбек сіңірген дәрігер атағына ие болды.

Мерей-бақ пен қонған «тақ­қа» тоқмейілсіп, атақ-даңққа даң­дайсып жүре беретін жан  – Сейітхан емес еді. Тер төге, беріле еңбек ету оның өмір­лік қағидасына айналды. Қай­да жүрсе де Қазақ елінің көге­р­генін, ел-жұртының амандығын ұмытпаған ол «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп, өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдары Бішкекті Алма­тыға алмастырып, елге келген. Шеберлігін сарп ете жүріп А.Н.Сыз­ғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығында еңбек етті, білімді кардиохирургтың абырой-даңқы жылдап емес, айлап өсе берді, ел аузынан Секең­нің нағыз білікті, қолы жеңіл кардиохирург екені жиі естіле басталды.

Сейітхан аға сегіз жыл өткі­зіп өзіне таныс Бішкекке қайта тартқан. Қырғыздар да кең халық: «Оу, байке, қызымызды бер­генде, қызметімізді бермей­міз бе» деп, Сейітханға тағы да төрін ұсынады. Көп ұза­май Кардиохирургия және транс­плантология ғылыми-зерт­теу институты ашылып, оның алғашқы директоры болып профессор С.Жошыбаев тағайындалды. Мұнда да ол сый-абыройдан кенде болмады, жүрегінде ақауы бар сандаған сырқат жандар білгір маман, шипалы саусақты Сейітханды алыс-жақыннан «ат терлетіп» іздеп келіп, оған сенім артып, оның қолына денсаулығын ғана емес, тіпті өмірлерін сеніп тапсыратын. Ол болса сол се­німді ақтау үшін ешқашан білі­мін, күш-қуатын, уақытын аяған емес. Жүрек пен қолқа тамырларына атқарылатын 4-5 сағаттық күрделі операциядан кейін де тыным таппай, есік алдында күтіп тұратын сандаған сырқаттарға кеңес беріп, операциядан кейінгі науқастардың хал-жағдайын біліп, оларға қа­жетті ем-дом тағайындап, ауру наркоздан «оянғанша» қасынан бір қадам кетпейтін. Кейде ауыр науқастар түссе, күрделі операциядан кейін көмегі қажет болған жағдайда үйіне қайтпай, клиникада қонып қалатын кездері де аз болмады. Сенбі, жексенбі күндерін де көбіне-көп клиникада өткізетін. Оның бұл «кәсіптік әдетіне» жұбайы, дәрігер-инфекционист Салқын Сансықызы мен отбасындағы балалары да әбден үйреніп, көнген.

Міне, жүрекке сызат түсір­мей емдейтін осы алтын қолды оташы-дәрігер 2007 жылдың жазында еліне – туған топырағына жыл құсындай қайта оралды. Әлбетте, қайын жұрты – қыр­ғыздар сыйдырмағандықтан емес, елге деген сағыныш пен ма­хаббат сезімінің алпыс екі тамырында шамадан тыс бүлк-бүлк етіп, «туған халқыма қо­лымнан келгенше қызмет етсем, көмегімді қаракөздеріме берсем» деп соғуынан... Елу жылдан астам саналы ғұмырын өзге елде өткізген ғалым өз Отанына оралып, қалған өмірін тәуелсіз мемлекетіне, қара ор­ман халқына, туып-өскен жеріне, туған еліне арнауды мақсат етті. Содан, елге оралсам, халқыма қызмет етсем деген түпкі ойын қағазға түсіріп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа хат жолдады. Президент көрнекті ғалым-кардиохирургтың бұл ұсыныс-тілегін қабыл алып, оның туған еліне, өскен жеріне, көне Тараз қаласына орналасуы­на жағдай жасады. Сөйтіп ол 2008 жылдың басынан Әулиеата жерінде бұрын-соңды болмаған алғашқы кардиохирургиялық орталық ұйымдастырып, өз шәкірттерімен бірге жүрекке ота жасау жұмысын шұғыл бастап кетіп еді.

Сол жылы Үкімет «Қазақ­станда кардиология және кардио­хирургияны дамыту туралы» қаулы қабылдап, оны іске асыру бағытында іс-шаралар қызу жүріп жатқан еді. Ол үшін 2007-2009 жылдарға бағдарлама да жасалып, 25,5 миллиард теңге қаржы бөлінген болатын. Әр облыс орталықтарында кардио­логия және кардиохирургия орталықтары ашылу жоспарланып, шетелдік клиникаларда 200-ге жуық маман даярлануы керек-ті. Міне, сол істі рес­публика бойынша басқарып, өмірге енгізу, кадрларды дайын­дау Денсаулық сақтау минис­трлігінің шешімімен Таразда кардиохирургиялық орталық ашқан профессор С.Жошыбаевқа жүктелді. Сейітхан ағамыз күн-түн демей шапқылап жү­ріп,­ сол 2007 жылдың өзін­де 6 облыс орталығында кардио­хирургиялық бөлімшелер, орта­лықтар ашылуына мұрындық болды. Ондаған жас мамандарды тәрбиелеп, жүрекке ота жасау тәсілдерін үйретіп, еңбекке баулыды. Айтуға оңай, әйтпесе, ол бір күнде, бір аптада орындала салатын жеңіл жұмыс емес. Денсаулығын, тіпті өмірін саған сеніп тапсырған адам алдындағы жауапкершілікті сезіну қиынның-қиыны. Ол үшін терең білім, табандылық, қажыр-қайрат, қайсарлық керек.

Әйгілі кардиохирург, профессор Сейітхан Жошыбаев ағамыз басқарып отырған орталық 2010 жылы медициналық көмек көрсетудегі жоғары жетістіктері мен жақсы нәтижелерге жет­кені үшін Президенттің «Ал­тын сапа» сыйлығын алса, 2011 жылы «ХХІ ғасыр көш­бас­шысы» халықаралық имидж­дік бағдарламасы бойынша, «Еуропалық сапа» алтын бел­гісіне ие болды. Ал 2009 жылдың қорытындысы бойынша, Елбасымыздың өзі еліміздің жоғары марапаты «Парасат» орденін С.Жошыбаевтың омырауына тақты. 2011 жылы Дү­ние­жүзі кардиологтар қоға­мы­ның «Алтын жүрек», 2013 жылы Францияның меди­циналық «Sein» атты алтын медальдарымен, «Алтын скаль­пель» сыйлығымен марапат­талды. Бұған қоса өткен жылы профессор С.Жошыбаев бас­­қаратын орталық Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь мемлекеттері Ұлттық бизнес-рейтинг одағы тарапынан Қазақстан аумағындағы ша­ғын кәсіпорындар арасында «Мін­деттер мен талаптардың көрсет­кіштері» номинациясы бойынша «Сала көшбасшысы- 2013» құрметті атағына ие болып, мекеме жетекшісі ретінде Секеңнің өзі медицина саласына инновациялар енгізуге қосқан мол үлесі мен осы саладағы көп жылдық жоғары сапалы еңбегі үшін аталған елдердің арнайы шығарылған «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» төсбелгісін омырауына қадады. 2016 жылы Европа бизнес Ассамблеясының «Үздік медицина қызметі» сертификатына ие болды. Клиника басшысы «Барыс» орденімен марапатталды.

Несі бар, уақыт келе еліміз­дегі беделді кардиохирург, қа­жыр­лы қайраткер, ізденімпаз ғалым, академик С.Жошыбаев бас­қарып отырған Ғылыми-кли­никалық кардиохирургия және трансплантология ор­та­лығы жақсы, жағымды жетіс­тіктермен еліміз­дің алдыңғы қатарлы ғылыми-медициналық орталықтармен терезесі тең келіп жатса таң­дан­балық. Біз оның жарқын болашағына сенейік!

Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор

ТАРАЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу