Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Егемен Қазақстан
16.05.2018 1191
2

Бірі «менікі дұрыс» десе, екіншісі «сен жол ережесін бұздың» дейді. Тап осы арада кімді дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін екеуіне түсіндіріп беру қиын. Өйткені екі жүргізуші де өздерінің жол ережесін сақ­тағандарына сенімді. Мұндай оқиға жиі кез­деседі. Сондықтан мұның түп-төркініне үңіліп көрсек.

Қос жүргізушіде де жүргізуші куәлігі бар. Екеуі де жол жүрісі ережесін оқып, көлік құралдарын жүргізу тәжірибесінен өтіп, емтихан тапсырған. Сонда қарасаңыз, екеуінің де көлік жүргізу ісінде біліктілігі бар. Былайша айтқанда, көлікті еркін жүргізе алады. Әйтсе де, апатқа жол беріп тұр. Тек бірі көлік жүргізуді арнайы автомектепте оқып, үйреніп шыққан. Екіншісі, өз бетімен дайындалып келіп емтихан тапсырған да, жүргізуші куәлігін қолына алған. Екеуі де заңды. Бұған қарап, әйтеуір көлік жүргізуді игерсең, кез келген тұста жол ережесін сақтай алуды білсең – жеткілікті екен дерсіз. Алайда жоғарыдағы оқиға осы қос бағытта оқыған, дайындалған жүргізушілердің арасында болып отыр.

Әрине жасыратыны жоқ, ірі жол апатына соқтыратын оқиғалардың дені жүр­гізушілердің қателігінен болатын белгілі. Содан кейін бұған техникалық ақаулар, жолдың нашарлығы, ауа райының қолай­сыздығы және т.б. факторлар да әсер етеді. Бірақ бәрібір, жол апатының дені жүр­гізушілердің  жол ережесін сақтауға жеткілікті көңіл бөлмеуінен, көлік жүргізу тәжірибесінің аздығынан және жол ережесін жетік білмеуінен туындайды. Былтырғы жылы ғана осындай уақытта еліміздің жолдарында 8 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда он мыңға жуық адам зардап шеккен.  738 адам қаза тапқан. Бұл айтуға ғана оңай болғанымен, өте ауыр жағдай. Жол-көлік апатының дені біз айтып отырған бағдаршамы жоқ жол қиылыстары секілді жүргізушінің жол жүрісі ережесін білу дәрежесі сыналатын тұстарда орын алады. Демек, бұл жерде жүргізушінің дайындығы жол-көлік апатына тікелей себеп болады деген сөз. Оның үстіне тек көлік жүргізуді білумен қатар, көлік жүргізу мәдениеті деген ұғымның бар екендігін де естен шығармаған жөн. Яғни жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау арқылы өзге көлік иелеріне құрмет көрсетіледі. Көлік жүргізу мәдениетін таныту арқылы талай келеңсіздіктің алды алынады.

Ал көлік жүргізу үшін қажетті мұндай маңызды жайлар автомектептерде жүргі­зушілерді дайындағанда айтылмай қалмайды. Тіпті керек десеңіз, бұған аса мән беріледі. Өйткені ең алдымен жолда қауіпсіздік қажет. Қауіпсіздік жол жүрісі ережесін жатқа білу ғана емес, оны өзіңе, өзгеге деген құрмет арқылы қолдана алу. Осының бәріне автомектепте баса назар аударылады. Осы автомектептердің жағдайы мен өз бетінше көлік жүргізуді үйренетіндердің сапасы туралы «Құлагер» көлік мектебінің директоры Ардақ Күбетаев та өз пікірін жеткізді. Оның айтуы бойынша, бүгінде автомектептерде жүргізушілікке оқитындар саны айтарлықтай кеміп кеткен. Өйткені көбі өз бетінше дайындалып, тек емтихан тапсырарда ғана қарасын көрсетеді екен. Ал автомектептерде шын мәнінде көліктің не екенін, жол ережесін жетік білгісі және кез келген жағдайда шебер жүргізуді нақты үйренгісі, меңгергісі келетін адамдар ғана оқиды дейді. Бұрынғыдай емес, автомектептер саны да қысқарды. Теорияны білмеген адамға практиканы игеру де қиынға соғатыны белгілі.

Алайда автомектептерде жүргізушілікке даярлау әлдеқайда ілгері және жан-жақты болса да қазіргі күні оны айналып өтіп, жүргізуші куәлігін  алуға да мүмкіндік бар. Өз бетінше оқып, жүргізуші куәлігін алған соң олар да өз білімдеріне, көлік жүргізу даярлығына сенімді. Біз бұл арада адамның өз бетінше ізденіп, оқып, қажетті білім аларына күмән келтіріп отырған жоқпыз. Мәселе, жолда көлік жүргізуді талапқа сай үйренбей көлік тізгінін ұстайтындар қатары молайып бара жатқан жоқ па деген сұрақ мазалайды. Мына 2018 жылдың 3 айында ғана республиканың жолдарында 3 047 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 336 адам қайтыс болған. Оған қоса 978 адам жарақаттанған. Сонда біле-білсеңіз, жол-көлік оқиғаларының дені жүргізушілік өтілі бір жылға дейінгі көлік иелері кінәсінен орын алады екен.

Жалпы, жол жүрісі қауіпсіздігі сала­сындағы уәкілетті орган жол-көлік оқиға­ларының жалпы статистикасын, сондай-ақ жүргізуші өтілі 1 жылға дейінгі және 1 жылдан бастап 3 жылға дейінгі жүргізушілердің қатысуымен болған ЖКО-ның статистикасын жүргізеді. Бірақ өз бетінше дайындалып, емтихан тапсыру арқылы жүргізуші куәліктерін алған жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары бойынша статистиканы ешкім жүргізбейді. Өйткені оны жүргізіп қадағалайтын болса көлік апатының дені және жол жүру ережесін кімдер бұзатыны алақанға салғандай көрінер еді. Дегенмен түптің-түбінде оның қамы қамдалып, бұған да бір зерделеу жүргізілетін кез келер. Сонда алдымен автомектептерде оқыту ісіне бұдан да зор мән беріліп, жүргізушілердің білімі, біліктілігі, даярлығы, көлік жүргізу мәдениеті мен жол жүрісі ережесін білу деңгейі бірізділікке түсіп, жолда жүру қауіпсіздігі артады деген сенім бар. Бұған сіз не дейсіз, ағайын?!

Александр ТАСБОЛАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу