Еуразия Медиа Форумына тіркелудің аяқталуына 3 күн қалды

Еуразия Медиа Форумының бас директоры Руслан Жемковтың хабарлауынша XV медиа форумының аккредитациясы 18 мамырға дейін жалғасады. Демек, форумға қатысушылар енді үш күн ішінде тіркеле алады.  

Егемен Қазақстан
16.05.2018 3138
2

Айта кету керек, тәуелсіз диалог алаңы атанып кеткен форум 8 жылдан кейін еліміздің оңтүстік астанасы Алматыға қайта оралып отыр. Іс-шара 22-24 мамыр аралығында The Ritz-Carlton отелінде өтеді.

Қазіргі таңда саяси ғылымдарының докторы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева басқаратын Ұйымдастыру комитеті жоба серіктестері және спикерлерімен келіссөздерді тәмамдап, бағдарламаны талдап, қатысушыларды тіркеумен айналысуда. Жуырда ғана «House of cards» (Карточный домик) саяси триллерінің авторы Майкл Доббс, «VICE News Tonight»  кабельдік және спутниктік тележүйесінің шетелдік жаңалықтар бөлімінің басшысы Норин Джамиль, ресейлік қоғам қайраткерлері Ксения Собчак пен Максим Шевченко қатысатындығын растады.

Сонымен қатар тағы да биылғы форумның қатысушылары қатарында – ВВС телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы Гэвин Хьюитт; продюсер, режиссер, «Оскар–2016» номинанты  («Зима в огне» деректі фильм) Евгений Афинеевский; америкалық политтехнолог, Барак Обама президенттігі кампаниясының екеуінде де кеңесші болған Роджер Фиск; CNN телеарнасының халықаралық жаңалықар бөлімінің редакторы Райан Смит;  Францияның бұрынғы Көлік министрі, Ұлттық ассамблея депутаты Тьерри Мариани; Нобель сыйлығының лауреаты Мохан Мунасинге; ресей журналисті, продюсер әрі тележүргізуші Софико Шеварднадзе; Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығының Төраға орынбасары, баламалы энергетика бойынша 2 саммит ұйымдастырушысы Арман Қашқынбеков және т.б. бар.

Биылғы Форум тақырыбы «Эволюцияның 15 жылы: әлем қалай өзгереді және бізді қалай өзгертеді». Форум аясында қазіргі БАҚ ахуалы мен болашағы туралы, жаһандық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелер талқыланады.

Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы ретіндегі Еуразия Медиа Форумының басты миссиясы - сарапшылар, саясаткерлер, экономистер, қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау.

Форум өз тарихында 6000 аса шетелдік қатысушыларды, олардың қатарында танымал журналистер, белгілі саясаткерлер, мықты экономистер, нобель сыйлығының лауреаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлерді Қазақстанға жинады.

Бұл ретте, форум ұйымдастырушылары Қазақстанның әлем алдындағы беделінің күн санап артып келе жатқандығын, форумның мұнда тиімді әрі заманауи құрал ретінде рөлін атап өтпекші. Форум өзінің белсенді жұмысының арқасында бүгінде дүние жүзі бойынша беделді медиа алаң атанған. Оның дәлелі ретінде 1500 айтулы БАҚ: Euronews, CNN, BBC, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeera English, ИТАР-ТАСС, РИА «Новости», РБК, Russia Today, Первый канал, ИА «Джихан» және т.б. қатысқандығы бола алады.   

Биылғы форум тақырыптары: «Халықаралық қарым-қатынастағы эволюция», «Еуропалық одақ эволюциясы», «Қоршаған орта эволюциясы», «Ақпараттық технологиялар: нақты дерек пен фейк жаңалықтар», «Блогсфераның күшеюі: прогресс пе, әлде қауіп пе?» және тағы басқа.

Іс-шараның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы.

XV Еуразиялық Медиа Форумға тіркелу 18-мамырға дейін жалғасады. Тіркеу үшін http://eamedia.org/ru/ сілтемесіне өтуге болады. Орын санаулы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда шетелдіктер тастап кеткен кемелерді сатып алып жүр

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу