Маңғыстауда облыстық сот пен нотариус, банк арасында меморандумға қол қойылды

Елбасының істі қарау тараптар үшін қолайлы әрі татуластыруға бағытталып және жаңа технологияларды қолдана отырып, сот төрелігін жүзеге асыру қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес, республика соттарында татуластыру шараларын кеңінен қолдануға, яғни әрбір азаматқа сотқа дейін де, сотта да татуласу үшін жан-жақты жағдай жасалуда. 

Егемен Қазақстан
16.05.2018 3388

Осы орайда Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов жергілікті екінші деңгейлі банк басшыларын дауларды шешуде медиацияны қолдануды кеңейту жұмысына атсалысуға шақырып келеді.

Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен осы мақсатта облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов бастаған судьялар қауымдастығы Маңғыстау облысы аумақтық Нотариаттық палатасының төрағасы Рахат Туребаевамен және «Fortebank» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, екінші деңгейлі банктер қауымдастығының төрағасы Аббат Урисбаевпен кездесті.

Басқосудың негізгі мәні – қоғамда саны артып отырған банктік дауларды сотқа дейін реттеудің тетіктерін қарастыруға, банктердің даусыз талаптар бойынша сотқа дейін нотариусқа жүгінуін жолға қою мәселелерін талқылауға арналды.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев Маңғыстау облысында азаматтық істер саны соңғы уақытта екі есеге көбейіп кеткенін, соның ішінде істердің 60 пайызы банктік келісім шарттарға байланысты екенін атап айтты. Осы орайда дау мәні жоқ істердің де сот арқылы шешілетіні статистиканы ұлғайтып отырғанын тілге тиек етті.

«Нотариат туралы» ҚР Заңы талабына сай нотариустерге дауды сотқа дейін реттеу құқығы, оның ішінде атқарушылық жазба жасақтау құқығы берілген. Нотариус саласында ұзақ жылғы жұмыс тәжірибесі бар Рахат Туребаева даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазба арқылы дауды шешудің тез әрі ұтымды екенін атап айтты. Өз кезегінде сөз алған Аббат Урисбаев: «Азаматтардың құқықтық-қаржылық сауаттылығы жылдан жылға артып келеді. Соның арқасында банктік келісім шарттар бойынша сотқа жүгінуші азаматтар қатары артуда. Қазіргі жағдайда соттармен бірге екінші деңгейлі банктер де көптеген шығын мен жүктемеге тап болуда. Осы орайда облыстық сот төрағасы Жақсылық Рзабекұлының бірқатар банктік дауларды сотқа жеткізбей, медиация арқылы шешу туралы тиімді ұсынысын қуана қолдаймыз», - деді.

Қатысушылар жиын соңында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейтіп, қоғамда дауды азайту мақсатында, халықаралық қауымдастықта бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жақсарту, заңның әділ төрелігін, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету негізінде өз ұстанымдарын сақтай отырып, өзара ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды. Қатысушылар меморандум аясында тиімді жұмыс жүргізуге жол ашқандарын, алдағы уақытта клиенттермен көп жұмыс жасайтын өзге де екінші деңгейлі банктерге үлгі көрсететіндерін айтты.

Аталған меморандум аясында азаматтық даулардың саны азайып, соттардың жүктемесі төмендер болса, дауласушы тараптар сотқа жүгінбестен бұрын, бітімгерлік келісіммен өз дауларын шешіп жатса, ынтымақты жұмыстың басты жемісі сол болмақ.

Іс-шара барысында азаматтық және қылмыстық-құқықтық дауларды шешуге бітімгерлік рәсімдерін белсенді енгізуге, дауларды баламалы шешу жүйесін нығайтуға, соттан тыс медиация институтын жетілдіруге байланысты оң пікірлер айтылды, жаңа құқықтық институтты одан әрі дамыту жөнінде тиімді ұсыныстар берілді.

Бекітілген келісім ынтымақтастық аясында туындайтын мәселелерді бірлесіп шешуге, судьялардың аса күрделі істерді зерделеуіне, соттардың күрделі емес істер бойынша жүктемесін төмендетуге септігін тигізеді деп күтілуде.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу